Əңгіменің ең əдемісі

320 қаралу саны

Ешқашан ешкімді мақтаушы болма! Творчествосын мақтаймын десең, мейлі, мақтауға тұрарлық болса, аянба! Ал, жеке басты мақтап абырой таппайсың. Ең жақсы көретін адамдардың тарылмайтын жерде тарылып, жарылмайтын жерде жарылғанын көріп жүрміз. Талай рет. Осындайдан кейін ойланып қаласың.

Жалпы, жеке басқа табыну адами болмыстың табиғатына өте зиянды құбылыс екенін көп дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Табындырушы үшін де. Табынушы үшін де. Біздің өміріміздің барлық трагедиялары осы құбылыстан балалап жатқанын бажайлау қиын емес. Жанды зат есімді мақтаудың қарама-қайшылықтары өте көп. Өйткені, идеалды адам болмайды.

Бір нәрсені анық білемін, адамда жақсы көңіл күй болады, жаман көңіл күй болады. Барлық нәрсе осы екі нәрсеге байланысты. Жақсы көңіл күйге тап келсең, жолыңның болғаны. Жаман көңілге кез келсең, ол адамды өзің де енді көрместей боларың хақ.

Сондықтан да ешқашан ешкімді мақтама. Жақсысын көрсең, қуана біл. Жаманын көрсең, кешіріммен қара. Адами қарым-қатынаста басқа идеологияны көрмей тұрмын.

Əңгіменің ең əдемісі – Алланың барына бір сәтке де шек келтірмеу жəне Жаратқанды шексіз сүю!

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз