Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазір той тойлап жүретін уақыт емес

208 қаралу саны

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның еңбеккерлерге деген көзқарасын түпкілікті өзгерту керектігін мәлім етті.

Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Тіпті осындай қауіпті пандемия кезінде кейбір азаматтарымыз маған хат жазып, той өткізуге мүмкіндік беру керек деп талап қояды. Мемлекеттің өзі өлермендікпен өмір сүретін кезге келдік. Сондықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі!»  дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісіңіз