Қасым-Жомарт Тоқаев: Баяндамаға сенсек, бәрі де бақылауда. Алайда іс жүзінде олай емес

181 қаралу саны

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес мәселелері бойынша селекторлық отырыс өткізді, деп хабарлайды Ақорда сайты.

«Баяндамаға сенсек, бәрі де бақылауда. Алайда іс жүзінде олай емес. Мен өзімнің әкімшілігіме дәрі-дәрмектің қолжетімділігі бойынша елдегі бөлшектік желілерге тексеріс жүргізуді тапсырдым. Нәтиже қуантып отырған жоқ. Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл және Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Алматыда дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі мен ұзын-сонар кезек әлі де бар. Өмірлік маңызы зор дәрілерді артық бағамен сату фактілері анықталып жатыр. Көлеңкелі нарық жайылып барады» деді Қасым-Жомарт Тоқаев отырыс барысында.

Ақордадан хабарланып отырғандай, құқық қорғау органдары көтерме және бөлшек саудамен айналысатын дәріханаларға рейдтер мен тексерулер жүргізген. Тексеру нәтижелері бойынша дәрі-дәрмек құралдарын заңсыз саудалаумен айналысқан 270 адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың 116-сы – медицина қызметкерлері. Мемлекет басшысы бұл бағытта жұмыс жалғасатынын, кінәлілер заңға сай жазаға тартылатынын мәлім етті.

Бөлісіңіз