Қауесет: Италия туристерді қабылдап, жағажай маусымын ашуға дайын

Қауесет: Италия туристерді қабылдап, жағажай маусымын ашуға дайын
412 қаралу саны

Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-тарда, оның ішінде қазақстандық басылымдарда Италия туристерді қабылдап, жағажай маусымын ашуға дайын деген ақпарат тарап жатыр. Фактчек.кз сайты оқырмандардың өтініші бойынша тексеріп көрді.

Үкім: Фейк.

Болжам бойынша карантинге байланысты биыл Италия 25 млн турисінен айырылады. Италиялықтардың өздері де ешқайда шыға алмауы мүмкін. Сондықтан әзірге италиялық жағажайды армандамай тұра тұрыңыз.

Десе де бұл фейк жайдан-жай шыққан жоқ. Себебі Италия расымен жағажай маусымын талқылап жатыр. Бірақ, тек италиялықтар үшін. Бұл мәселені Мәдениет министрінің орынбасары Лоренца Бонаккорси көтерді.

«Біз осы жазда азаматтарымыз жағажайға бару үшін жұмыс істеп жатырмыз»  деп мәлімдеді Лоренца Бонаккорси.

Бірақ әңгіме тек ішкі туризм мен жағажайдың италиялықтар үшін ашылуы жайында болды. Қабылдануы мүмкін нақты қауіпсіздік шаралары әлі бекітілген жоқ. Жағажайдағы орынды брондап қоюдан бастап, шезлонг арасын плексигласпен бөліп қою секілді түрлі нұсқалар талқыланып жатыр. Жалпы жағажайды ашу туралы әлі шешім қабылданған да жоқ. Сол себепті италиялықтардың өзіне де жағажай туралы айтуға әлі ерте.

Дереккөз: Фактчек.кз

Фото дереккөзі: Depositphotos

Кнопка домой
Бөлісіңіз