Қазақстан COVID-19 вакцинасының 4 нұсқасын сынақтан өткізуде

Қазақстан COVID-19 вакцинасының 4 нұсқасын сынақтан өткізуде
365 қаралу саны

Бұл туралы Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және техниканы сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев айтты.  

«Біз үміттеніп отырған төрт вакцина таңдалып алынды. Оның екеуін Ұлттық биотехнология орталығы, тағы екеуін Биологиялық қауіпсіздік проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институты әзірледі. Бұл вакциналарды әзірлеу жұмысы едәуір уақытты алады. Дайындау мен сынақтан өткізу уақыты үш жылға дейін созылады. Қазірдің өзінде жұмыс басталып кеткенімен отандық вакцина қашан дайын болуы мүмкін деген сұрақтың барын білеміз. Біздің ойымызша бұған үш жыл керек» деді Арнұр Нұртаев Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында сөйлеген сөзінде.

Ол сонымен қатар әлемде қазіргі таңда Қытай мен Еуропадағы әртүрлі компания жеті үміткер-вакцина әзірлеп жатқанын мәлім етті. Қазір вакциналар клиникалық сынақтан өтуде. Арнұр Нұртаевтың айтуына қарағанда, әлемде жасалып жатқан бұл вакциналар бір жарым жылдың ішінде дайын болады.

Дереккөз: Facebook парақшасы

Фото дереккөзі: НЦЭЛС


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Кнопка домой
Бөлісіңіз