Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппараты жеткілікті ме?

Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппараты жеткілікті ме?
456 қаралу саны

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова алдағы уақытта Қазақстан өкпені жасанды желдетуге арналған 879 аппарат сатып алуды көздеп отырғанын мәлім етті.

«Қазіргі таңда еліміздегі денсаулық сақтау ұйымдарында 3 мың өкпені жасанды желдету аппараты бар. Олар қажеттілікке байланысты инфекциялық немесе жансақтау бөлімдеріне таратылады. Бүгінгі күні 167 аппарат инфекциялық ауруханалардың жансақтау бөлімдеріне берілді. Сонымен қатар медициналық бұйымдар паркін жаңарту үшін жалпы республикада өкпені жасанды желдетуге арналған 879 аппарат сатып алу көзделіп отыр» деді кеше Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

 «ПТР-диагностика – коронавирус инфекциясы үшін өте сезімтал. Тесттің нәтижесі ағзаның бойындағы вирустың мөлшеріне байланысты. Науқас енді ғана COVID-19 ауруына шалдыққан кезде, әлбетте, оның бойында коронавирустың мөлшері өте аз болады. Яғни, ағзада вирус жеткілікті дәрежеде жиналмаса, біз ПТР-тест арқылы оның вирусты жұқтырмағаны туралы нәтиже алуымыз мүмкін. Вирус көбейген кезде оның мөлшері да арта түседі. Осыдан кейін ПТР-тест арқылы оның бойында шынында да коронавирустың барын анықтай аламыз. Бүкіл әлемде осылай. Бізде де кездеседі. Әу баста вирусты жұқтырмағаны туралы нәтиже екінші рет тест алынғанда өзгеруі мүмкін» деді Айжан Есмағамбетова.

Фото дереккөзі: Kaztag.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз