Қазақстанда өкпені жасанды желдетуге арналған қанша аппарат бар

224 қаралу саны

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан ауруханаларындағы өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарының саны туралы мәлімет берді.

«Бүкіл елде 3 294 дана өкпені жасанды желдету аппараты бар. Аймақтардағы қажеттіліктерге байланысты оларды бөлу жоспарланып отыр. Таяу арада медициналық ұйымдар 1 658 ӨЖЖ аппаратын алады. Олардың 680-і жедел жәрдем көліктерін қосымша жарақтандыруға арналған портативті аппарат болса, 978-і – стационарлық,  базалық және функциялары кеңейтілген аппараттар» деп хабарлайды министрліктен. Алдағы уақытта қосымша 4 мың ӨЖЖ аппаратын сатып алу көзделіп отыр.

Дереккөз: ҚР ДСМ

Бөлісіңіз