Қазақстанда 20 мың медицина қызметкері коронавирусқа тесттен өтті

Қазақстанда 20 мың медицина қызметкері коронавирусқа тесттен өтті
363 қаралу саны

Қазақстанда 20 мың медицина қызметкері COVID-19 індетіне тесттен өтті. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев кеше кещке мәлім етті.

«Бүгін (27 сәуір-ред.) Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе – Президенттің тапсырмаларын орындау. Басты міндеттердің бірі – тест арқылы анықтау жұмыстарының көлемін арттыру. Осы ретте айта кетерлігі, сәуір айында анықталған індет жағдайларының 67 пайызы симптомсыз болған. Бұл алдын алу диагностикасының арқасында анықталды» деді Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасындағы онлайн баспасөз мәслихатында.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Министр әлемдік тәжірибе көрсеткендей медицина қызметкерлерін тест арқылы тексеріп отыру өте маңызды екенін атап өтті.

«Сол үшін елімізде 20 мыңнан аса медицина қызметкері тест арқылы тексерілді» деді ол.

Фото дереккөзі: Depositphotos

Кнопка домой
Бөлісіңіз