Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан наурыздан маусым айына дейін 150 мың науқас емделді

168 қаралу саны

2020 жылдың наурыз-маусым айларында коронавируспен және пневмониямен ауыратын 150 мың науқас стационарларда емделді, ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ауруханаларға 9 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Бұл ретте маусым айында наурызбен салыстырғанда төсек-күндердің жалпы саны 8 есеге, жұқпалы аурулар саны 23 есеге артты. Сондай-ақ провизорлық стационарлардағы төсек-күндер саны айтарлықтай өсті: наурыз айында 21 мыңнан маусым айында 100 мың төсек-күнге дейін.

Медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін шілде айында медициналық ұйымдар үшін тарифтер өсті. Енді Қор тарапынан провизорлық стационардағы әрбір төсек-күн үшін өтеу бір төсек-күн үшін 22 мың теңгеден астам, тәулік бойғы стационарларда болғаны үшін – 32 мың теңгеден астам, Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде науқасты емдегені үшін – бір төсек-күн үшін 70 мың теңгеге жуық болады.

Сондай-ақ, медициналық сақтандыру қоры стационарлардағы көрсеткіштер бойынша және емхана дәрігерлерінің жолдамасы бойынша ПТР әдісімен 300 мыңға жуық зерттеу үшін 3,5 млрд теңгеден астам сомаға төлем жүргізді.

Коронавируспен күресу шараларына барлығы 56,7 млрд теңге бағытталды.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Бөлісіңіз