Қазақстанда медицинаның қарқынды дами бастағанының тағы бір жарқын көрінісі

Фото дереккөзi: Organ-assist.nl
280 қаралу саны

Нұр-Сұлтан қалалық №2 көпбейінді қалалық ауруханасының Фейсбуктегі парақшасында дәрігерлері кеше бірегей жағдайды бастан кешіріп, үлкен ерлік жасағаны жазылған.  Мұнда бүйректің аллотрансплантациясынан кейін босанған әйелдің сауығуының ерекше жағдайы болды. Дәрігерлер бала мен ананың өмірін құтқарып қалды. Бұл – Қазақстанда медицинаның қарқынды дами бастағанының тағы бір жарқын көрінісі.

Жүкті әйел № 9 қалалық емханада есепте тұрған және жүктілігінің ауыр ағымына байланысты №2 көпбейінді қалалық ауруханаға есепке алынды. Бұл пациентке созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозы болғандықтан 2014 жылы әкесінің бүйрегі алмастырып салынған.

Кейін 2017 жылы аяғы ауыр болған, бірақ өкінішке орай, бала аман қалмаған. 2019 жылы бұл пациент дәрігерлердің қарсы көрсетулері барын ескерткеніне  қарамастан тағы да жүкті болған. Ол 31-32 апта жүктілік мерзімінде ауыр халде №2 көпбейінді қалалық ауруханаға түсті.


Індеттің жалғыз жауы – екпе

Қазақстандық дәрігерлер, әсіресе, педиатрлар азаматтардан өз балаларына екпе жасау кестесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинацияны назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Фото: La Capital

Бала шала туылды, ол жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімшесіне ауыстырылған. Пациент  қарқынды терапия және реанимация бөлімшесінде жатты. Осыған қарамастан босанған әйелдің бүйрек жетіспеушілігі өсіп, трансплантатты алып тастау қаупі болды.

Әйел жағдайының күрт нашарлауына байланысты республикалық критикалық акушерлік орталығына ауыстырылды, онда дәрігерлер кешенді бүйрек алмастырғыш, иммуносупрессивті терапияны, сулы-электролиттік бұзылулар мен гомеостазды түзетуді жүргізді.

Трансплантат функциясын сақтап қалады. «2011 жылдан бастап Қазақстанда бүйрекке аллотрансплантация жүргізіле бастады, осы уақыт ішінде бұл жүктілік бала туумен және сақтаумен аяқталған үшінші жағдай» дейді республикалық критикалық акушерлік орталығының басшысы, профессор А. Ш. Жұмаділов.

Қазір пациент сәбиімен үйіне шығуға дайындалып жатыр.

Дереккөз: №2 көпбейінді қалалық ауруханасының Фейсбук парақшасы

Фото дереккөзi: Organ-assist.nl

Кнопка домой
Бөлісіңіз