Қазақстанда ПТР әдісімен тестілеуден өтуі тиіс азаматтардың санаты бекітілді

273 қаралу саны

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың 6 маусымдағы қаулысына сәйкес Қазақстанда ПТР әдісімен тестілеуден өтуі тиіс азаматтардың санаты бекітілді..

ПТР әдісімен тестілеуге мына азаматтар жатады:

1.1. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша:

1) СОVID-19-бен провизорлық және инфекциялық аурулар стационарына жатқызылған адамдар;

2) ЖРВИ және пневмониясы бар науқастар;

3) оқшаулаудың 1 және 7 күнінде COVID-19 науқастарымен жақын байланыстар қатарындағы адамдар;

4) байланыс фактісі анықталған кезде COVID-19 науқастарымен ықтимал байланыстар қатарындағы адамдар;

5) клиникалық хаттамаға сәйкес амбулаториялық емдеуде және БМСК-ның медициналық бақылауындағы COVID-19-бен ауыратын науқастар;

6) СОVID-19 симптомы жоқ вирус тасымалдаушылар симптомсыз вирус тасымалдаушылық фактісі анықталғаннан кейін 10 күніне.

1.2. Профилактикалық мақсатта:

1) ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан автоөтпелерде және темір жолда Мемлекеттік шекараның өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар;

2) шет елден авиарейспен келетін адамдар;

3) COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері (инфекциялық аурулар стационарлары, пульмонологиялық стационарлар (бөлімшелер), стационарлық изоляторлар (симптомсыздар үшін), карантиндік объектілер (дені сау адамдар үшін), стационарлардың қабылдау бөлмелері, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың сүзгілері, жедел жәрдем бригадалары, ПТР диагностиканы жүзеге асыратын зертханалық мамандар, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері) айына 1 рет;

4) әскери бөлімдерге келген әскерге шақырылушылар.

Дереккөз: ҚР ДСМ ТҚСҚБК сайты

Бөлісіңіз