Қазақстандық профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбелігі туралы не білесіз?

335 қаралу саны

Бізге мынадай сұрақ келіп түсті: «Қазақстандағы  Екпелердің ұлттық күнтізбелігі туралы түсіндіріп беріңізші. Ол не үшін керек? Осындай  күнтізбелік  басқа елдерде бар ма, бар болса онда балаларға басқа мемлекеттерде  қандай екпелер жасалады?»

Түсініктеме беру үшін біз  Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының  І санатты сарапшысы, м.ғ.д. профессор, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Халықты иммундау жөніндегі  Ұлттық консультациялық комиссиясының  мүшесі   Жаннат Сатыбалдиеваға  өтініш жасадық:

Профилактикалық екпелердің  ұлттық  күнтізбелігі  – бұл мемлекет ауқымында  ұтымды иммундық-профилактика  жүйесін айқындайтын құжат. 


Қазақстанда вакцинаны тексерудің алты кезеңі

Арнұр Нұртаев: Қазір қоғамда вакцинаға қатысты әртүрлі пікір бар. Қарсы тараптардың бірі «мен екпеге қарсы емеспін, бірақ олар сапалы болуы керек» дегенді алға тартады…

Фото дереккөзi: Chicago Tribune

Құжат  вакциналардың  ұсынылып отырған  түрлері көрсетілген жоспарлы  екпелердің тізбесін қамтиды, жас шамасы – қашан және кімге вакцина жасалады,    және оны қолдану схемасы.   

Қазақстандық профилактикалық екпелердің  ұлттық  күнтізбелігі ҚР Үкіметінің  қаулысымен бекітіледі. Мәселен  қазіргі  қолданыстағы күнтізбелік   2009 жылы қабылданды, 2013 жылы оған өзгерістер енгізілді – ДДҰ ұсынымдарына сәйкес  вакциналардың  тізбесі өзектендірілді.

Қазақстандық профилактикалық екпелердің  ұлттық  күнтізбелігінде 21 инфекцияның таралуының  алдын алу     мүмкіндігі қарастырылған.  Екпелер   тегін жасалады. 

Қазақстандық профилактикалық екпелердің  ұлттық  күнтізбелігі  басқа елдерде де бар, мысалы: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Ресей  және ТМД  басқа республикаларында және т.б.  және осы мемлекеттерде   балаларға  Қазақстанда жасалатын тура сондай инфекциялық ауруларға қарсы  екпе жасалады.    

Бұл жерде  кейбір дамыған  елдерді қоспағанда,   мысалы Ұлыбритания  туберкулезге қарсы (БЦЖ)  екпе жасамайды,  оның себебі неде,  өйткені бұл елде  аталған ауру вакцинацияның арқасында түп-тамырымен жойылды. 

Екпелердің күнтізбелігін тарихи белгілеу

 «Профилактикалық екпелердің күнтізбелігін» («Vaccination Schedule»)  тарихи айқындау  АКДС-вакцинасы   жер-жерлерде енгізілгеннен бастап өткен жүз жылдықта 40-50-жылдары туындады.

      Вакциналар тізімі эпидемиологиялық  көрсетілімдер  бойынша   қоғамдық денсаулық сақтау басымдығына қарай вакцинация жүргізу   процесінде жинақталған  жаңа ғылыми   деректердің  негізінде     және  ДДСҰ өзекті ұсынымдарына сәйкес      кезең-кезеңмен  кеңейтіліп отырды.

      Сонымен қатар  шешекке (оспа) қарсы   вакцина  дүниежүзінде  аталған аурудың    толықтай  жойылуына байланысты  екпелер  күнтізбелігінен алынып тасталды. Бұл   иммундау бағдарламасын  іске асырудың арқасында  қол жеткізілген әлемдік денсаулық сақтау саласының  маңызды жеңісінің бірі болып табылады.   

АКДС аббревиатруасының  толық  мағынасы:

А – аурудың дамуына қарсы әсер ететін адсорбирленген (тазаланған) вакцина

К – көкжөтел (коклюш)

Д – дифтерия

С — сіреспе (столбняк).

Егер профилактикалық екпелер жайында тағы да сұрақтарыңыз болса сұраңыздар, жауап беруге әрқашан дайынбыз!

Тек қана ресми көздерге  сеніңіздер.

Өздеріңізді сақтаңыздар және  денсаулықтарыңыз  мықты болсын!

Дереккөз: Дәрілік және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сайты

Сурет дереккөзі: Depositphotos

Ары қарай оқу:

Кнопка домой
Бөлісіңіз