Қазақстандықтарға жазда тұмаумен ауырмау үшін не істеу керек?

349 қаралу саны

Қазақстандықтарға жазда тұмаумен ауырмау үшін ӘМСҚ бірнеше кеңес береді. Тамақтың қабыну аурулары қысқы уақыттан гөрі жазда жиі кездеседі. Себебі, ыстық ауа райында суық су ішу, балмұздақ жеу немесе кондиционер астында отыру жағдайлары жиі болады.

Осы ретте Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің Facebook-парақшасында ыстық күнде тұмауратып қалмас үшін бірқатар кеңес беріліп отыр:

  • Температураның күрт өзгеруі – ағза үшін стресс. Бөлме температурасы 21°C төмен болмауы керек. Ең дұрысы, бөлмедегі және көшедегі ауа температурасы арасындағы айырмашылық 5-7°C аспауы тиіс.
  • Тоңазытқыштан сусын ішпеңіз және оларға мұз кесектерін қоспаңыз. Ыстықта балмұздақты аздап еріген соң жеу қажет. Салқын тағам мен сусынды олар ауыз қуысында жылынып үлгеретіндей аз мөлшерде ішіп, жеңіз.
  • Мұрынға арналған ылғалдаушы тамшыларды қолдану, көп су ішу, қолды үнемі жуу немесе антибактериалды заттарды пайдалану керек.
  • Ең үлкен қателік – терлеп тұрған күйі салқын суға түсу. Ағзаның бірден салқындауы суық тиюге әкеліп қана қоймай, сонымен бірге жүрек-қан тамырлары жүйесіне кері әсер етуі мүмкін.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы

Ары қарай оқу:



Кнопка домой
Бөлісіңіз