Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін цифрландырудағы тәжірибесіне әлем қызығушылық танытуда

Фото: Олжас Абишев
332 қаралу саны

Медициналық ақпараттық жүйелердің өзара әрекеттесуі кезінде алмасатын ақпараттың мәнін бірдей түсінуді қамтамасыз ету үшін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев 2020 жылы 23 сәуір күні «Цифрлық денсаулық сақтау кеңістігінде объектілік сәйкестендіргішті беру туралы» ережесін бекітті.

Ереже бір платформада бірыңғай орталықтандырылған медициналық деректердің қоймасын құруға мүмкіндік береді. Бұл үлкен деректерді қосымша өңдеусіз алмасу болып табылады.

Бұл оқиға АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігін қызықтырып отырғаны белгілі болды. Американдық агенттік COVID-19 пандемиясымен күрес кезінде аталған тақырыптың өзектілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігін BNSR (Biosurveillance Network of the Silk Road countries) онлайн сессиясына спикер ретінде шақырды. Агенттік Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша тәжірибесін өзге мемлекеттермен бөлісуді жөн көріп отыр.

Барлық сессиялар Bnsr платформасында Жібек жолы елдерінің эпидемиологтары мен медицина мамандары үшін ашық алаңда өткізіледі.

Ақпарат үшін: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Биологиялық қауіпті азайту жөніндегі бағдарлама аясында АҚШ-тың серіктесі болып табылады.

Қазіргі уақытта екі тараптың да бағдарлама сарапшылары Covid-19 пандемиясына қарсы күреске белсенді тартылған. Сондай-ақ, Орталық Азия, Кавказ, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропа елдерінен шақырылған салалық бейінді мамандар  мен кәсіби медицина саласының тыңдаушыларымен тұрақты негізде бейнеконференциялар өткізіліп тұрады.

Өткен аптада қазақстандық медициналық мекемелер мен үкіметтік құрылымдардың өкілдері коронавирусты емдеу хаттамаларына, таралуына, ғылыми тәсілдеріне қатысты сессияларға қатысқан болатын.

Дереккөз: ҚР ДСМ Фейсбук парақшасы


Елжан Біртанов: Жоба мақұлданды, бірақ мұнымен бәрі біткен жоқ, әлі де көп іс тындыру керек

Кодекс жобасына қатысты пікірін біздің сайт редакциясы асыға күткені рас.

Фото дереккөз: Костанайские новости

Кнопка домой
Бөлісіңіз