Министр медицинаға деген халықтың сенімін арттыру мақсатында құрылған кеңес туралы пікірін білдірді

Семейлік ғалымдардың жұқпалы індет емін табу ізденісінде алға жылжу байқалады
374 қаралу саны

Елжан Біртанов Фейсбуктегі парақшасында Алматы қаласында құрылған Қоғамдық медициналық кеңес туралы өз пікірін білдірді: «Өте дер кезінде қабылданған маңызды шешім. Кеңес жұмысы біздің медицинаның сапасы мен ашықтығын арттыруға көмектесетініне сенімдімін!».

ҚР Денсаулық сақтау министрінің медициналық қауымдастықпен өзара әрекеттестік жүйесін құру жөніндегі нұсқауына сәйкес Алматы қаласында кеше құрылған аталмыш Кеңестің құрамына 140 жетекші бейінді сарапшы кірді.

Азаматтық белсенді Аида Әлжанова бұл бастаманың дұрыс ұжымдық шешім қабылдауға ұйытқы болатын фасилитация технологиясын қолдана отырып жасалатын жаңа жұмыс форматы екендігін атап өтті.

Кеңес құрылымында үш жұмыс тобы құрылды: дәрігерлер арасында вирус жұқтырудың алдын алу, қазіргі медицина ұйымдарының жұмысы, Алматы қаласында денсаулық сақтау жүйесінің посткризистік даму стратегиясы.

Қоғамдық медициналық кеңестің мақсаты – Алматы қаласы денсаулық сақтау жүйесінің посткризистік дамуы үшін қажетті шаралар пакетін жасап шығару. Жаңа тәсілдер медициналық қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге, қалалық медициналық қоғамдастықты азаматтардың денсаулығына қатысты жағдайларда тез әрекет етуге, сонымен бірге, әлдеқайда кең тарайтын ауру түрлеріне қарай бағыттау.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Кездесу барысында медицина қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінен қорғау тәсілдері қарастырылды. Жекелей алғанда, медицина қызметкерлерінің жеке қорғаныш құралдары сапалы тестермен қамтылуын және коронавирусты тексеруде зертханалық зерттеулерді жақсарту жайы сөз болды.

Кеңес мүшелері тарапынан мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың жұмыс тиімділігін арттыру, жұмыс барысын жетілдіру, медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыру, халықпен және қаланың ішкі медициналық қоғамдастықтарымен байланысты жақсарту, сондай-ақ, отандық медицинаға деген халықтың сенімін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды.

Аталмыш қоғамдық кеңес медициналық қоғамдастықпен диалог құрудың ықпалды тетігіне айналса, көп мәселелердің шешілуіне ұйтқы болары сөзсіз. Кеңесте айтылатын барлық ұсыныстар жүйеге келтіріліп, егжей-тегжейлі тексерілетін болады. Олардың негізінде қаланың медициналық ұйымдарына арнап дағдарыс кезінде және одан кейінгі кезең үшін стратегия құрылатын болды.

Дереккөз: Е. Біртановтің Фейсбуктегі парақшасы

Дереккөз: Semeymedicaluniversity.kz


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Кнопка домой
Бөлісіңіз