ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тегін онлайн курс өткізбек

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тегін онлайн курс өткізбек
27  560 қаралу саны

Жұмыс форматының күрт өзгеруі, фирмалардың бизнес-модельдерін күтпеген жерден қайта құруы ұйымдармен бірге жекелеген қызметкерлерді де есеңгіретіп тастағаны жасырын емес. Оқшаулану мен жалған ақпарат желдей ескен қазіргі жағдайда киберқауіпсіздік біліктілігі ерекше маңызға ие. Осы себепті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Цифрландыру кеңсесі цифрлық сауаттылық деңгейін тегін арттыруды ұсынады.

«Ниет білдірушілерге «Пандемия кезіндегі өмір мен кәсіп қауіпсіздігі» атты тегін онлайн курстан өту ұсынылады. Курс осынау қиын сәтте қазақстандық ұйымдар мен ел азаматтарын барынша қолдауға бағытталған. Сондай-ақ цифрлық әлемде өзін сенімді сезінуге, індет туралы қажетті дағдылар мен білім алуға мүмкіндік береді. Курс оқытудың бейімделу жүйесі негізінде жасалған. Ол өмірлік мысалдармен бекітілген теориялық материалдардан, бірнеше жауап нұсқаларынан және сенімділік дәрежесін анықтайтын тестерден құрастырылған» деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінен.

Сабақ әрдайым сұрақтан басталады. Содан соң пайдаланушының тақырыпты түсінуіне негізделе отырып, жүйе теориялық материалды көрсетеді. Болмаса жауаптар дұрыс болған жағдайда басқа тақырыпқа ауысады. Тест қорытындысы бойынша адаптивті технология материалды бекітіп, қайталауды ұсынады. Бұл ретте ақылды жүйе пайдаланушыға қиынға соққан тақырыптарға ғана тоқталатынын атап өту керек.

 «Пандемия кезіндегі өмір мен кәсіп қауіпсіздігі» тегін курсын «Касперский зертханасы» оқытудың адаптивті саласындағы үздік компаниялардың бірі Area9 Lyceum-мен бірлесе әзірлеген. Курстан сілтемесін (https://go.kaspersky.com/stay_secure_course_ru) басып, тіркелу арқылы өтуге болады. Ол коронавирустың қауіп деңгейін, ауырып қалу немесе айналаңдағыларға жұқтыру қаупін азайту үшін өзіңді қалай ұстау керектігін білуге көмектеседі.

Курс екі модульден тұрады. Біріншісі пандемия кезінде физикалық қауіпсіздікке арналған. Ол коронавирустың қауіп деңгейін, ауырып қалу немесе айналаңдағыларға жұқтыру қаупін азайту үшін өзіңді қалай ұстау керектігін зерттеуге көмектеседі. Сондай-ақ сабақ аурудың алдын алу әдістері мен коронавирустық инфекциялар тобымен байланысты стереотиптер туралы ақпараттарды қамтиды. Модуль медицина және биология саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен әзірленген. Авторы Верона университетінің медицина ғылымдарының докторы, клиникалық биохимия профессоры Джузеппе Липпи. Модульдің рецензенттері — доктор Нил Андерсон, Блейк Бьюкен, Пинг Ванг» деп хабарлайды министрліктен.⠀

Екінші модуль қашықтағы жұмысқа қауіпсіз бейімделуге және кеңседегі жүйелік әкімшінің көмегінсіз киберсауаттылықты арттыруға көмектеседі. Сабақ қорытындысы бойынша цифрлық сауаттылығы төмен, тіпті бұрын қашықтан мүлдем жұмыс істемеген пайдаланушылар өзіне үйден барынша қауіпсіз жұмысты ұйымдастыра алатындай етіп құрастырылған. Модуль киберқауіпсіздіктегі ең маңызды базалық дағдыларды дамытуға көмектеседі. Қазақстандықтар үшін қашықтықтан қауіпсіз жұмыс істеу туралы қосымша ақпаратты мына сілтемеден табуға болады: https://kas.pr/stayhome

Дереккөз: ҚР ДСМ Фейсбук парақшасы

Фото дереккөзі: informburo.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз