ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы: «HBSC ғаламдық және ұлттық зерттеу нәтижелерімен таныстыру»

301 қаралу саны

2020 жылы 29 мамырда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында «HBSC ғаламдық және ұлттық зерттеу нәтижелерімен таныстыру» тақырыбында дөңгелек үстел online режимінде өтті. HBSC (Health Behaviour in School-aged Children) зерттеу «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» атты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жобаларын білім беру ұйымдарына енгізу аясында жүргізілді, ал оның нәтижелері балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсарту үшін келісілген саяси шешімдер мен практикалық шараларды талап ететін проблемалық салаларды анықтауға мүмкіндік берді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы және Қазақстандағы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Елдік кеңсесі ұйымдастырды. Қазақстандағы ДДСҰ Елдік кеңсесінің басшысы д-р Кэролайн Кларинвал және ҚР ДСМ ҚДСҰО директоры Дамир Көбжасаров құттықтау сөз сөйледі. Дөңгелек үстел қазіргі жасөспірімдердің өмірі туралы маңызды мәліметтерді талқылау, қатысы бар құрылымдар мен көпшілік арасында олардың денсаулығы туралы хабардар болуды арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Талқылау барысында Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда денсаулыққа, әлеуметтік өзара іс-қимылға және психикалық әл-ауқатқа қатысты оқушылардың мінез-құлқы туралы деректер келтірілді. Зерттеуге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің қаржылай қолдауымен, 14 облыс пен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының қалалық және ауылдық 110 мектебінен 11,13 және 15 жастағы 6546 оқушы (50,6% ұл бала) қатысты.

ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының өкілі Мартин Вебер «Жас өспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқаты басты назарда» тақырыбында, ҚДСҰО Ғылым және кәсіби даму бөлімінің бас маманы Шынар Абдрахманова «Қазақстандағы өз денсаулығына қатысты оқушылардың мінез-құлқы (HBSC) бойынша 2017/2018 жылдардағы зерттеу нәтижелеріне шолу» тақырыбында, ҚДСҰО Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының балалар мен жастардың денсаулығын нығайту бөлімінің басшысы Ақбота Абильдина «ДНЫЕМ жалпы мектеп тәсілінің контексінде HBSC зерттеу нәтижелерін қолдану» тақырыбында, ҚДСҰО Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық бөлімінің басшысы Дана Абельдина «Қазақстандағы оқушылар арасында зорлық-зомбылық және буллинг бойынша HBSC нәтижелері: қолданылатын шаралар (балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын анықтау және оларға ден қою бойынша стандартты операциялық рәсімдер жобасына шолу)» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстандағы ДДСҰ Елдік кеңсесі, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Қазақстандағы ЮНФПА халықтың қоныстануы саласындағы қоры, UNAIDS Kazakhstan, USAID Kazakhstan, UNESCO, ТКҚСҚБК аумақтық департаменттері (өңірлік ДНЫЕМ үйлестірушілері), өңірлік денсаулық сақтау басқармалары (балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау бағыты бойынша) және басқалар қатысты.

Анықтама: HBSC нәтижелерінің дұрыс әдеттердің қалыптасуына әсері Еуропа елдерінде айқын байқалады. Зерттеу елдерге өзара және басқалармен салыстыру жүргізуге және уақыт ағымымен динамиканы қадағалауға мүмкіндік береді. Ұлттық есептер – анықталған проблемаларды шешу үшін маңызды ақпарат көзі. Олар саяси шешімдерді қабылдау көзі болып табылады және оларды мектептерде және басқа да мүдделі тараптармен талқылау қажет, ұлдар мен қыздардың өміріне назар аударуға көмектесу арқылы HBSC жалпы жасөспірімдердің денсаулығын нығайту бойынша тиімді іс-қимылдарды қолдауды жалғастыруда.

Дереккөз: ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының баспасөз қызметі.

Ары қарай оқу


Читайте также:

1

Бөлісіңіз