ҚР ДСМ қолдауымен технологиялар мен өнімдердің онлайн-хакатонын жариялады

Источник фото: TSARKA Channel
378 қаралу саны

Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру кеңсесінің қолдауымен Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығы мен Касперский зертханасы пандемия кезінде Қазақстан Республикасының алдында тұрған жаңа сын-тегеуріндерді шешу үшін технологиялар мен өнімдердің онлайн-хакатонын жариялайды.

Коронавирус дүниежүзі бойынша денсаулық сақтау, білім беру, ақпаратқа қол жеткізу және дербес деректерді қорғау саласындағы проблемаларды ашты. Бүгінде бүкіл әлем технологиялық дамыған елдерден АТ саласында дамушы мемелекеттерге дейін цифрлық құралдарды эпидемияны бақылаудың тиімді әдісі ретінде пайдаланып отыр.

Біз жас инноваторлар мен түрлі салалардың кәсіби сарапшыларын Денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске қосу үшін бірігуге шақырамыз.

Ұсынылатын міндеттер:

  • дербес және медициналық деректерді қорғау;
  • коронавирустық инфекциямен және оның салдарымен тиімді күресу үшін ақпаратқа ыңғайлы және технологиялық қол жеткізу;
  • Fake-news-тен сақтау;
  • дағдарыс жағдайында да адамның құқықтары мен бостандығын сақтау;
  • Денсаулық сақтау саласында жұмыс істеу ыңғайлылығын арттыру;
  • медицина қызметкерлерінің құрал-саймандарының технологиялық дамуы.

Іс-шараның жалпы жүлде қоры – 6 миллион теңге!

Тіркелу үшін сілтемесіне өтіңіз.

Толық ақпаратты сайттан таба аласыз: digitalcitizenship.kz

Фото дереккөзі: TSARKA Channel

Кнопка домой
Бөлісіңіз