ҚР ДСМ ҰҚДСО: Симптомсыз тасымалдаушылар SARS-CoV-2 вирусын жұқтыруы мүмкін

314 қаралу саны

Симптомсыз тасымалдаушылар SARS-CoV-2 вирусын жұқтыруы мүмкін, деп хабарлайды Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығының Фейсбуктегі парақшасында.

«2020 жылдың алғашқы күнінен бастап өңірлер бойынша ауруға қатысты жағдайларға жедел тәулік бойғы мониторинг жүргізетін, мәліметтерді талдайтын, біздің санитарлық және медицина қызметтеріне ұсыным әзірлеп беретін Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығынан өте маңызды ақпарат» деп Денсаулық сақтау министрі желідегі парақшасында жазбамен бөлісті.

Симптомсыз тасымалдаушы (асимптоматикалық тасымалдаушы) — жұқпалы ауруды жұқтырған, бірақ ұзақ уақыт бұл аурудың белгілері білінбейтін адам. Науқас болмаса да, мұндай тасымалдаушы инфекцияны басқаларға жұқтыра алады.

«Кейбір бағалау бойынша, халықтың 6% – 41% диапазонында орташа есеппен 16% -ға жуық симптомсыз инфекция жұқтыруы мүмкін. Бірақ біз кейбір симптомсыз және кейбір симптомдары бар адамдар вирус жұқтыра алатынын білеміз» деді ДДСҰ төтенше аурулар бөлімшесінің техникалық тобының басшысы Мария Ван Керкхов.

Вирус жұқтырған адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде мұрнынан немесе аузынан бөлінетін ұсақ тамшылар арқылы COVID-19 жұғуы мүмкін.

Аурудың инкубациялық кезеңі алғашқы симптомдары пайда болғанға дейін орташа есеппен 5 күнге созылады.

Ауру жұқтырған адам алғашқы симптомдары пайда болғанға дейін 2 күн бұрын, яғни симптомы кеш білінген кезде және симптомдары пайда болғаннан кейін 7 күн ішінде инфекция көзі ретінде айналасындағыларға қауіп төндіреді.

Қазақстанда SARS-CoV-2-ге ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен адамдарға медициналық бақылау жүргізу олардың едәуір бөлігінде аурудың белгілері болмағанын көрсетті.

«SARS-CoV-2» вирусы анықталған, бірақ аурудың белгілері білінбейтін адамдарды асимптоматикалық пациенттер немесе симптомсыз тасымалдаушылар деп атайды.

Көбінесе бұл санаттағы адамдар халықтың белгілі бір топтарына скрининг жүргізу кезінде анықталады.

Қазақстанда COVID-19 симптомы жоқ SARS-CoV-2-ге тесті оң нәтиже көрсеткен адамдар қашықтан медициналық бақылауда болып, 14 күнге үйде оқшауланады. Симптомдары пайда болған жағдайда жұқпалы аурулар стационарына емделуге жатқызылады.

Бөлісіңіз