ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы: веб-семинар мақсаты өте ауқымды

379 қаралу саны

Бүгін, 29 сәуір күні сағат 17.00-де ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы  ЮНИСЕФ елдік офисімен бірлесіп, карантин кезінде және карантиннен кейінгі кезеңде COVID-19 алдын алу және бақылау бойынша негізгі хабарламалар мен іс-қимыл жөнінде білім беру жүйесіне арналған онлайн-семинар өткізеді.

Веб-семинардың мақсаты – әкімдіктердің, білім беру басқармаларының, мектептердің қызметкерлерін, сондай-ақ мектептермен жұмыс жасайтын медицина қызметкерлерін карантин кезінде және карантиннен кейінгі кезеңде балаларды COVID-19 коронавирусының таралуынан және оны жұқтырудан қорғау шараларымен таныстыру.

Тренерлер: ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы (Шынар Абдрахманова, Айнагүл Қуатбаева), ЮНИСЕФ (Қанат Суханбердиев, Татьяна Адерихина), ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық маман (Мейіргүл Алпысбаева), «University Mеdical Center» ҚФ (Шолпан Мұқанова), «КаПБ» ЖШС психологиялық жеңілдету орталығының директоры (Баян Жолдасбекова).

Модератор: ҚР ДСМ ҰҚДСО Сержан Айдосов, ҚР БҒМ.

Қатысушылар: Әкімдіктер, білім басқармаларының, мектептердің басшылары және мектептермен жұмыс жасайтын медицина қызметкерлері. Платформаның сыйымдылығы шегінде Zoom конференциясына қосылу үшін мына сілтемені басыңыз: https://us02web.zoom.us/j/83632175776…

Конференция идентификаторы: 836 3217 5776

Пароль: 022942

Дереккөз: ҚР ДСМ ҰҚДСО сайты

Фото дереккөзі: Unicef

Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты
Кнопка домой
Бөлісіңіз