ҚР ДСМ өңірлердің COVID-19 науқастарын қабылдауға дайындығын пысықтады

70 қаралу саны

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният өңірлердегі медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының COVID-19 шалдыққан пациенттерді қабылдауға дайындығын пысықтады. 

Жиынға амбулаториялық-емханалық ұйымдардың басшылары мен өңірлердегі Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері қатысты.

«Өңірлер мобильді, ЖМК бригадаларымен, сондай-ақ пульсоксиметр, термометр, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілгенімен, барлық өңірде бірқатар жүйелі проблема барын атап өткен жөн. Осыған байланысты біз семинар-тренинг ұйымдастырдық» деді вице-министр.

Семинар барысында МСАК ұйымдарының басшылары ЖРВИ және COVID-19 шалдыққан пациенттерге медициналық көмек көрсетуге дайындық барысын баяндады. Сондай-ақ халықты дәрі-дәрмекпен қамту, мобильді бригадалар жұмысы, үйдегі стационарды ұйымдастыру, медицина қызметкерлері мен тұрғындарды қорғау үшін қабылданған эпидемияға қарсы шаралар жөнінде мәлім етті.

Бөлісіңіз