ҚР ДСМ: еліміздегі ескірген 40 нысанның орнына халықаралық деңгейдегі көпбейінді 16 аурухана салынады

ҚР ДСМ: еліміздегі ескірген 40 нысанның орнына халықаралық деңгейдегі көпбейінді 16 аурухана салынады
467 қаралу саны

2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында бүкіл республикадағы аурухана инфрақұрылымын жаңғырту жоспарланған. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.

Ведомство мәліметінше, еліміздегі ескірген 40 нысанның орнына халықаралық деңгейдегі көпбейінді 16 аурухана (облыстық көпбейінді аурухана, қалалық көпбейінді аурухана, универсалдық клиника) салынады.

Ауруханалар заманауи техникалық шешімдерді ескере отырып жоспарланады. Ұзақмерзімді келісімшарттар аясында медициналық техникамен, ақпараттық жүйемен толықтай жабдықталып, техникалық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі. Әрбір стационарда пациенттерді дер уақытында әрі сапалы диагностикалауға және емдеуге мүмкіндік беретін заманауи инфекциялық корпустар салу, клиника қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық ұйымдардың инфекциялық емес желісіне жүктемені төмендету жоспарланған.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Ауруханаларды мемлекеттік-жекешелік серіктестік келісімшарты және өзге де ұзақмерзімді келісімшарттар аясында құру көзделген. Бұл бюджетке бір мезетте түсетін ауыртпалықтан арылуға мүмкіндік беріп, шетел капиталын тартуға, аурухана құрылысына жаңа технологияларды енгізуге және денсаулық сақтау нысандарының пайдалану сапасын арттыруға жол ашады. Бұл 5-6 жылдың ішінде Joint Commission International (JCI) халықаралық стандартына сай келетін 8 мыңнан астам төсек-орынға шақталған алдыңғы қатарлы жоғары технологиялық аурухана желісін құруға мүміндік береді.

Аталған жобаға отандық, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі ауруханалар құрылысында тәжірибесі бар шетелдік компаниялар мердігер болады. Аурухана құрылысына қатысты жобаларды дер уақытында жүзеге асыру үшін жобалық компания – денсаулық сақтау саласындағы оператор құрылады. Компанияның негізгі міндеттері: әзірлеу кезеңінде – бұл аталған жобалардың барлығын әкімшілеу және үйлестіру, МЖС келісімшарттарын жасау шараларын жүзеге асыру; МЖС келісімшарттары бойынша жеке серіктестің міндеттерін орындауын бақылау.

Дереккөз: ҚР ДСМ сайты

Фото дереккөзі: Depositphotos

Кнопка домой
Бөлісіңіз