ҚР ДСМ: Коронавируспен күресте өкпе патологиясын енді отандық виброакустикалық құрылғылармен емдейміз

274 қаралу саны

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 инфекциясымен күресу үшін виброакустикалық құрылғылар сатып алды, деп хабарлайды ведомствоның Telegramдағы парақшасында

«Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы жұқпалы аурулар ауруханаларына өкпе патологиясын емдейтін 87 виброакустикалық аппарат сатып алды. Бұл COVID-19 қарсы күресу мақсатында медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған бағдарламаның жалғасы» делінген хабарламада.⠀

Ұлттық стандарттардың талабына сәйкес вирус инфекциясынан пайда болған өкпе асқынуын емдеу ережесі бойынша виброакустикалық терапияны қолдану қажет және қазіргі уақытта аталған аппаратты пайдалану жағдайы ауыр науқастарда оң нәтижесі байқалған.

  • Дәрі-дәрмекпен емдеуді азайта отырып, өкпені кешенді бифокаль виброакустикалық терапия өкпені желдетуді жақсартады;
  • трахеобронхиалды дренирлеуді белсенді етеді;
  • өкпе тінінің инфильтрациясын шешуді жеделдетеді;
  • өкпені жасанды желдету аппараттарын қолдану мерзімін қысқартады;
  • жіті респираторлық дистресс-синдромның даму қаупін төмендетуге ықпал етеді.

Айта кету керек, бұл аппараты әзірлеуші және өндіруші отандық BERK Technology компаниясы. Кәсіпорын отандық өнімді БАӘ, Сингапур, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдерге экспорттайды.

Дереккөз: ҚР ДСМ Telegramдағы парақшасы

Бөлісіңіз