ҚР Президентінің еліміздің биоқауіпсіздігі туралы сөзіне медицина мамандары өз ойларын білдірді

332 қаралу саны

Каральник Борис Вольфович, медицина ғылымдарының докторы, Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының профессоры: Мен Президенттің биоқауіпсіздік мәселелері мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметті күшейту қажеттілігі туралы көтеріп отырған мәселесін жан-жақты әрі қызу қолдаймын. Енді осы шешімдердің барлығы қағаз жүзінде қалмай, «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңды әзірлеу және қабылдау маңызды болып отыр, бұл істің нашарлауына жол бермеу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы форс-мажорлы жағдайларға деген жоғары дайындығымызды реттейтіні сөзсіз.

Бұл салада қауіп төнбейтін кездерде қиындықтарға кездессек, кезекті төтенше жағдай кезінде эпидемиологиялық күштердің толық мобилизациялануына сенімді болу туралы айту мүмкін емес екенін түсінген маңызды! ҚР Денсаулық сақтау министрінің осы бағыттағы бастамасын қолдай отырып, қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға дайындалу жүйесін алдын ала құрған өте дұрыс. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті институциализациялау мәселесіне тоқталсақ, көптеген қызметкерлері қаржылық қиын жағдайларға байланысты ақы төленбейтін демалысқа жіберілген Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығына қатысты проблема туралы айтпауға болмайды. Жылдар бойы қалыптасқан аспаптық-әдіснамалық базаның құлдырауына жол бермей, адамдарды стратегиялық маңызы бар қызметке қайта кірістірген жөн.

Айқымбаев Алим Масғұтұлы, медицина ғылымдарының докторы, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының филиалы –Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының профессоры: Президент еліміздегі биоқауіпсіздік туралы маңызды проблеманы көтерді, бұл дер кезінде жасалған қадам. Біз түрлі қауіпті инфекциялардың аумақтық ошақтарын бақылауға алып келдік және бақылауға алудамыз, алайда алдымызда жаңа қиындық тұр, ол – ауруларды елімізге сырттан авиакөлік жылдамдығындай жылдамдықта әкеле алатын миграциялық ағын. Осыған байланысты еліміздің эпидемиологиялық кордоны бұзылмауы тиіс.

Бизнесті қолдау мақсатында бұдан бұрын СЭС тарапынан жүргізілетін тексерулерді сиреткен болатынбыз, бұл кәсіпкерлердің адал жұмыс істемеуінің салдарынан халық арасында улану жағдайларының жиілеуіне алып келді. Осыған байланысты, Президент айтып өткен бұрынғы сенімді модельге қайта көшу ең тиімді шара болып табылады. Бізде аса қауіпті инфекциялар ұлттық орталығының базасында кадрларды қайта даярлау бойынша мықты алғашқы мамандандыру қолға алынған, дипломнан кейінгі дайындық институттары бар. Білікті мамандардың қызметі әрқашан қолданбалы және қажетті болуы үшін жағдай жасап тұру ғана керек.

Дереккөз: ҚР ДСМ ҚДСҰО Фейсбук парақшасы

Кнопка домой
Бөлісіңіз