Қытай елшілігі Қазақстандағы өкпе қабынуына қатысты теріс ақпаратына түзету енгізді

188 қаралу саны

Қытай елшілігі Қазақстандағы өкпе қабынуына қатысты теріс ақпаратына түзету енгізді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты.
«Біз Қытай елшілігі таратқан ақпарат шыға сала елші мырзамен жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі арасындағы телефон сұхбатын ұйымдастырдық. Барлық мәселе бойынша тиісті ақпарат, түсініктеме Қытай тарапына жеткізілді. Нәтижесінде елшілік өзі таратқан ақпаратқа тиісті өзгерістер енгізді» деді Ержан Ашықбаев.

Дереккөз: ОКҚ тікелей эфирі

Бөлісіңіз