Қытайлық медициналық делегация бүгін Алматыға ұшады

Источник фото: АСК SuccessK. С помощью делегации медиков Китай передал Казахстану бесценный опыт борьбы с COVID-19
265 қаралу саны

Бүгін, 19 сәуірде осы айдың алғашқы онкүндігінде Қазақстанға өз тәжірибелерімен алмасу мақсатында келген Қытайдың дәрігерлер делегациясы арнайы рейспен Алматы қаласына барады. Шетелдік сарапшылар оңтүстік астанамызда да бірқатар тренинг, дәрігерлермен кездесулер өткізуді және С.Асфендияров атындағы Қазақтың Ұлттық медициналық университетінде, қалалық көпбейінді ауруханаға баруды жоспарланып отыр.

Қытайлық дәрігерлер бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар ірі клиникалық орталықтар мен ауруханаларда болып, одан соң Қарағандыға сапар жасаған. Шахтерлер қаласында болған сапардың соңғы күнінде, 18 сәуірде қытайлық мамандар үш онлайн-сессия өткізді. Таңертең орта медицина қызметкерлеріне стационарларды дезинфекциялау, аурухана ішінде инфекцияның таралуына жол бермеу, жеке қорғану құралдарын (ЖҚҚ) дұрыс пайдалану, коронавирус жұқтырған науқастарды физикалық және психологиялық тұрғыдан қарау сынды тақырыптарда тренинг өтті. Тренинг барысында жеке қорғану құралдарын дұрыс кию және шешу туралы бейнероликтер көрсетілді.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Л.Ақтаева, денсаулық сақтау мәселелеріне жауапты қалалар мен облыс әкімдерінің орынбасарлары және өңірлердегі COVID-19 бойынша құрылған жедел штаб басшылары, аймақтардағы Денсаулық сақтау басқармасы басшыларының, медициналық ЖОО ректорларының және т. б. қатысуымен видео-конференция өтті.

ШҰАА халық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары, нефролог-дәрігер доктор Лу Чэнь Қытайда коронавирустың жаңа түрі қалай таралғанын, ҚХР Үкіметінің індетке қарсы күрес бойынша қабылдаған шешемі туралы және «төрт ерте және төрт концентрация» принципін айтып берді. Бұл принцип инфекцияны ерте анықтауға, оқшаулауға, ерте хабардар ету және түрлі мамандарды бір жерге шоғырландыра отырып, дер кезінде емдеуге бағытталады. Доктор Лу Чэнь профилактикалық шараларға ерекше назар аудару қажет екенін бұл жолы да қадап айтты.

Күн соңында сарапшылар ҚР Бас санитарлық дәрігерінің «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысын талқылады. ҚР мен ҚХР-да қолданылатын шектеу шараларының ұқсастықтары, нақты іс-шаралардың тиімділігі туралы пікір алмасуы болып, тараптар бір-бірінің түрлі сұрақтарына жауап берді.

Дереккөз: ҚР ДСМ Фейсбук парақшасы

Кнопка домой
Бөлісіңіз