ӘМСҚ жанындағы короновирус жөніндегі қоғамдық кеңес: цифрлар мен фактілер

215 қаралу саны

Бүгін өткен ӘМСҚ жанындағы короновирус жөніндегі қоғамдық кеңесте айтылған әңгімелерден «Кеткеткет.кз» сайтының оқырмандарына кейбір фактілерді ұсынуды жөн көрдік:

  • ӘМСҚ бюджеті – 1,6 триллион теңге. Ал олардың жарнамаға кететін қаржысы – 223 миллион теңге. Бұл барлық қаржының 0,0139375 пайызы. Басқаша айтсақ, барлық қаржының 1/7174 үлесі.
  • Елімізде ПТР-тест саны пандемия басталғалы тәулігіне 5 мыңнан 30 мыңға өсті, әлі де өсіп жатыр.
  • Елімізде 1900 жедел жәрдем машинасы бар. Екі жылдың ішінде парк 57 пайызға жаңартылды. Әлі де ескі машиналар бар.
  • 1406 байланыс орталығында 60 адам істейді, ал жүктеме көбейген кездері 150 адам тартылады.
  • Ковид бойынша жұқпалы аурулары төсек орны еліміз бойынша 64 пайыз, елордада 99 пайыз, БҚО-да 88 пайыз пайдаланылуда.
Бөлісіңіз