Өкпені үй жағдайында қалай тексеруге болады?

252 қаралу саны

Адам ағзасындағы ең маңызды мүше – өкпе. Ол қалыпты тыныс алуды қамтамасыз етеді, бүкіл дененің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Тыныс алу жүйесінде не болып жатқаны арнайы мамандар, стетоскоп немесе техника арқылы жасалған сараптамадан кейін нақты белгілі болады.

Алайда, өз-өзіңізді бақылаймын десеңіз, арнайы диагностикалаудың қарапайым құралдары бар. Бұл тәсіл кез-келген проблеманы алғашқы кезеңдерде байқауға мүмкіндік береді.⠀

• Сонымен, өкпенің жағдайын тексеру үшін, қарапайым шар қажет болады. Оны мына тәсілмен дайындап аласыз: шар материалын серпімді ету үшін, бірнеше рет үріп, қайта желін шығару керек. Содан кейін, өкпеге ауаны толық жинап, шарды бір деммен үріңіз. Нәтижесінде шардың көлеміне қарай, өкпенің көлемін көре аласыз. Орташа есеппен алғанда, әйелдің өкпесі 2,5-3 литр, ал ер адамның өкпесі 3-3,5 литрды құрайды.⠀

• Өкпенің жағдайын физикалық белсенділігіңізге де қарап біле аласыз. Өкпеңіз жақсы жұмыс істеп тұрса, үйде жаттығу жасағанда ентігу немесе жөтел болмауы қажет.

• Импульстік оксиметрия – өкпе жұмысын тексерудің сенімді әдісі. Импульстік оксиметр – бұл кішігірім үй жағдайында қолдануға болатын құрылғы. Бұл жүрек соғу жиілігі мен оттегінің мөлшері SPO2 (оттегінің қанықтылығы) көрсетеді. Дені сау ересек адамның жүрек соғу жылдамдығы минутына 60-90 соққыны құрайды. Ал қанның оттегімен қанықтылығы 94-99% құрайды. Егер көрсеткіш 90%-дан төмен болса, бұл патологияның барын айтады.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы

Бөлісіңіз