Өмірдің мәніне әр тұрғыдан келуге болады. Ал, меркантилдік мәселе қырынан қарар болсақ...
248 қаралу саны

Өмірдің мәніне әр тұрғыдан келуге болады. Ал, меркантилдік мәселе қырынан қарар болсақ…

Кедейлер дәл бүгінгі өміріне жете мән бермей, тек алдағы күнге үмітпен өмір сүреді. Олардың трагедиясы қазіргі өміріне терең үңілмеуінде жатыр. Бірақ мұның өзі кедей адамдар өмірдің мәнін интуициялық тұрғыда түсініп қойғанын көрсететін барометр секілді. 

Халық есебінен байекеш атанғандар дәл бүгінгі өмірлеріне алабөтен мән береді, ал болашақта не боларында шаруасы шамалы. Олардың трагедиясы келешекке терең үңілмеуінде жатыр. Себебі, дәл осы ұстаным – олардың өмір мәнін түсінуіне кедергі келтіріп тұрған бірден-бір фактор.

Маған кедейлердің өмірі мини-трагедиядай, ал байлардың өмірі гипер-трагедиядай көрінетіні сондықтан болар. Кез келген трагедиядан қашып құтылудың жалғыз жолы – өмірдің мәнін реалды түсінуде.

Фото дереккөзі: pbs.twimg.com

Бөлісіңіз