«Өзіндік карантин» дегеніміз не?

Фото: Depositphotos
194 қаралу саны

Өзіндік карантин – COVID-19-ды жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған адамның клиникалық белгілер болмаса да оқшаулануы.⠀

Өзіндік карантин барысында денсаулығыңыздың жағдайы мен клиникалық белгілерді өз бетінше бақылауыңыз қажет. Өзіндік карантиннің мақсаты – індеттің одан әрі таралуының алдын алу.⠀

Вирусты жұқтырғандар ең алғашқы күннен бастап басқа адамдарды жұқтыруы мүмкін болғандықтан, өзіндік карантин індеттің әрі қарай таралуына жол бермейді.

Өзіндік карантинде не істеу керек?

• Бөлмеңіздің терезесін жиі ашып, желдетіңіз. Жуыну бөлмесінің қолжетімділігі және қол гигиенасын сақтау.

• Егер бөлек бөлме болмаса, төсек арасында кемінде бір метр қашықтық болу керек.

• Басқалардан, тіпті отбасы мүшелерінен кемінде бір метр қашықтықта болыңыз.

• Вирус белгілерін байқаңыз.

• Ауру белгілері болмаса да, өзіндік карантинді 14 күн сақтаңыз.

• Егер сізде ентігу, жөтел немесе қызуыңыз көтерілсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз. Мүмкіндігінше телефон арқылы.

• Көңіліңізді түсірмеуге тырысыңыз. Еңсеңізді тік ұстаңыз!⠀

Өзіндік карантиннің өзін-өзі оқшаулаудан айырмашылығы – бұл вирустың саналы түрде алдын алу шарасы болып табылады. Ал өзін-өзі оқшаулау, мәжбүрлі шара.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен байланыстың балама арналары

Сіз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысына қатысты кеңестер мен сұрақтарға 1406 нөміріне қоңырау шалып, жауап ала аласыз.

Жүйеге қатысушылар Telegram арнасына, мобильді қосымша мен электрондық үкімет порталына қол жеткізе алады.

Дереккөз: ӘМСҚ Фейсбук парақшасы.

Бөлісіңіз