Жарты ғасыр пайдалануға болатын аурухана

251 қаралу саны

Елордалық журналистер COVID-19 вирусын жұқтырғандарды жатқызуға арналған госпиталь құрылысымен танысты.Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын 200 орындық госпиталь қалалық туберкулезге қарсы диспансер маңында тұрғызылады. «BI Group» құрылыс компаниясы бұл нысанды 10-12 күнде аяқтауды жоспарлап отыр. Ол үшін 500-ге жуық құрылысшы 3 ауысыммен тәулік бойы жұмыс істеуде.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында үш жобаны қолға алдық. Нұр-Сұлтан мен Шымкенттегі жоба 200 орыннан қарастырылған және әрқайсысында 20 орын интенсивті терапияға арналмақ. Алматыда 280 орын болса, оның 28-і интенсивті терапияға беріледі. Нұр-Сұлтандағы госпиталь Modex зауыты жасайтын модульдерден құрылады. Мұндай монолиттік құрылыстарды 50-70 жыл бойы пайдалануға болады» деді жоба директоры Арман Лесбеков тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, интенсивті терапия палаталарын жабдықтауда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының барлық талабы ескерілген. Сонымен қатар Арман Лесбеков Алматы мен Шымкенттегі ауруханалардың айырмашылығы туралы айтып берді. «Алматыдағы госпиталь вахталық қалашық типінде жасалады. Уақыт пен бюджеттің тығыз болуына байланысты  батыста мұнай жұмыстары үшін қолданылатын қалашық үлгісін алдық. Барлық үш кешенде де таза мекемелер кешені мен медициналық газдар қарастырылған» деді ол.

«Қазір Шымкентте аурухана форматы талқыланып жатыр. Сондықтан талқылау аяқталған соң қарқынды жұмыс істеп, қалған уақытты қуып жетеміз деген ойдамын. Барлық ауруханада дәрігерлерге арналған ординаторлық бөлмелер, кабинеттер болады. Мәйіт сақтайтын орындар да қарастырылған» деді А. Лесбеков.

Еске сала кетейік, 3 сәуірде ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанның үш ірі қаласында жұқпалы аурулар ауруханаларын салуды ұйғарды. Оның құрылысына тез тұрғызылатын құрылымдар қолданылмақ.

Фото сілтемесі: liter.kz

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз