15-18 маусым аралығында елордада «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты республикалық акция өтуде

264 қаралу саны

Жыл басынан бері 300-ден астам әйел сенім телефонына жүгінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Биыл 15-18 маусым аралығында елорда аумағында мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты республикалық акция өтуде. «Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, тоқтату, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру» дейді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.

Инспекторлармен бірге күн сайын азаматтарды қабылдау жүріп жатыр. Оларға құқықтық және психологиялық кеңес, құқықтық көмек, учаскелік полиция инспекторларына қорғау нұсқамаларын шығаруда әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ тұрғындар, ұйымдар қызметкерлері мен оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты дамыту бойынша іс-шараларды өткізу кезінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңы түсіндіріледі.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшенің қызметін ұйымдастыру, қала әкімдігі жанынан «Үміт» КММ жұмыс істейді (тәулік бойы 49-78-89 сенім телефоны). Қызметкерлер тұрақты түрде 71-60-63 сенім телефондары бойынша түсіндіру жүргізеді (жұмыс күндері уақытылы істейді), зардап шеккен әйелдер өтініш берген кезде олардың құқын қорғау шаралары қабылданады, психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіледі. Сонымен қатар республика бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге арналған 1409, +77081060810 (WhatsApp) және жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 150 нөмірі бойынша тегін заңгерлік, психологиялық кеңес беру Call орталықтары жұмыс істейді.


Ары қарай оқу:


Жыл басынан бері бөлімшедегі сенім телефонына 300-ден астам әйел жүгінген. Олардың ішінде негізінен заңды және азаматтық жұбайлардан зардап шеккендер, бұрынғы жұбайлардан немесе жақын адамдардан, зорлық-зомбылықтан, тұрғын үй және тұрмыстық мәселелер бойынша зардап шеккендер бар. Барлық өтініш білдірген адамдармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, телефон арқылы психологиялық және моральдық көмек берілді. Сондай-ақ тиісті органдарға шағым жасау үшін заңгерлік көмек көрсетілді. Жеке қабылдауға келген 150 әйелдің 40-тан астамы балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылды. Олардың өтініштері бойынша 100-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дағдарыс орталықтарының мамандарымен, субъектілермен («Дом Мамы» ҚҚ, «Қорғау-Астана» ЖҚ, «Право» ҚҚ, «Шанс» қиын жасөспірімдерге арналған Жастар орталығы және қаланың ҮЕҰ) үйлесімді жұмыс істеу нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына оңалту сипатындағы көмек көрсететін ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынасты түзетуге және балаларды тәрбиелеу бойынша ата-ана міндеттемелерін тиісті орындауға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Жалпы алғанда, жыл басынан бері 3500-ге жуық адамға қорғау нұсқамасы шығарылды; 130-дан астам адамға қатысты сот құқық бұзушылардың мінез-құлқына ерекше талаптар қойды. «Елорда тұрғындары мен қала қонақтары, полицияға дер кезінде жүгінудің маңыздылығын қаперде ұстаңыз! Зорлық-зомбылық фактілері белгілі болған жағдайда полицияға жүгінуден қорықпаңыз» дейді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.


Ары қарай оқу:


Кнопка домой

Бөлісіңіз