2020 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар туралы ақпарат

169 қаралу саны

Емханалардан жұмыс күндері мен демалыста да (азаматтар емханаға жұмыс күніне қарағанда демалыс күндері аз барады) мәліметтер жиналғандықтан өткен тәуліктермен салыстырғанда көрсеткіштерде айтарлықтай айырмашылық болып отыр. Ал ауруханаларда шұғыл жағдайда медициналық көмек тәулік бойы көрсетіледі.⠀

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған 26 726 адам емделуде. Олардың арасында 144 бала бар. Стационарларда 5 718 науқас жатыр. 21 008 адам амбулаториялық ем қабылдауда.

Жалпы науқастардың арасында 198 адамның жағдайы нашар. Дәрігерлер 29 пациенттің жағдайын өте ауыр деп бағалауда. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.⠀

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.⠀

* КВИ+ (оң нәтижелі ПТР), КВИ- (теріс нәтижелі ПТР)

Дереккөз: ҚР ДСМ Фейсбук парақшасы.

Бөлісіңіз