3 тәулікке қамалды

Сайт ketketket.kz: источник фото https://timeskz.kz/
208 қаралу саны

Ақтөбелік тұрғын карантинде болғаны туралы әлеуметтік желі арқылы жалған мәлімет таратып, 3 тәулікке қамалды. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде «карантинге қарамастан коворкингке барып, кофе ішіп, қала ішінде серуендедім» деп жазба жариялаған Ақтөбе қаласының тұрғыны анықталды. Тексеру кезінде карантинде жатқан азаматтар тізімінде ол адамның жоқ екені анықталды.

«ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы, яғни, «Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 27 наурызда мамандандырылған әкімшілік сот шешімімен ол 3 тәулікке қамалды.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша төтенше жағдай режимін бұзбақ болған 33 деректің алдын алды. Жалған және расталмаған ақпаратты тарататын және құқық тәртібін бұзуға итермелейтін азаматтар ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша жауапқа тартылады. Осы бап бойынша бір адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 106 мың теңгеге айыппұл төледі» деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз