Нақты және шынайы мәліметтерді онлайн- картадан көре аласыз

Онлайн-Картасы
238 қаралу саны

Егер кез-келген ақпарат салыстыруға және кең масштабта қарастыруға болатындай кеңістікте берілсе, оны қабылдау әлдеқайда оңайырақ. Коронавирус ауруы туралы әдеттегі статистиканы сіз бүкіл Қазақстан бойынша көре алу мүмкіндігіне ие болсаңыз, онда ол соғұрлым түсінікті болады. Сондықтан да «Қазақстан Республикасындағы коронавирустың эпидемиологиялық жағдайының онлайн картасы» жобасы іске қосылды. Сілтемені бірге жүргізіп, картаны қалай дұрыс пайдалану керектігін көрейік.

Көріп отырғанымыздай, жобаның бастамашысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық денсаулық сақтау орталығы (ҰДСО) болып табылады. Мұның өзі ең алдымен мәліметтерге сенімділікті арттырады. Жалған және саналы түрде расталмаған ақпараттың қазіргі кезде көптігін ескерсек, халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды институттың беретін ақпараты әлдеқайда сенімді екені даусыз. Карта нақты уақыт режимінде жаңартылатын басқа ақпараттың ішінде басты бетте орналасқан:

Егер сіз тінтуірді алып, дөңгелекті айналдырсаңыз, картаның масштабын кеңейтуге және Қазақстанның нақты аймағындағы ауырғандардың санын көруге болады:

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image-48.png

Біраз төмен жылжып, уақыт кестесінде аурудың өсу статистикасын көре аласыз:

Сонымен қатар коронавирусты тексерудің күнделікті кестесі бар, онда қызыл сызық тексерілгендер санының жалпы динамикасын көрсетеді:

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image-50.png

Бірден көзге түсетін және назар аударарлық диаграмма әр аймақта індет жұқтырғандардың санын көрсетеді. Көріп отырғаныңыздай, Қазақстанның астанасы көш бастап тұр:

Картаның жанында қазіргі эпидемияның демографиялық сипатын анықтауға болатын егжей-тегжейлі көрсеткіштер бар:

Біз ҰДСО мамандары күнделікті осы маңызды статистиканы ұдайы жүргізіп отыратынына қуаныштымыз, бұл бізге бәрін біліп отыруға және дүрбелеңге жол бермеуге мүмкіндік береді. Мұнда жиі кіріп,  сайтты туыстарыңыз бен достарыңызға да ұсыныңыз: https://hls.kz/

Фото сілтемесі: youtube.com

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз