Әбіш не жазбаған?!

285 қаралу саны

«Үйден шықпа-Елді сақта» қағидасын қатаң сақтап отырған мен бүгін Әбіш Кекілбаевтың публицистикасын тағы бір қайта оқып шықтым. Танымдық публицистиканы дамытқан да Әбіш аға екеніне ешкімнің таласы болмас. Орасан зор энциклопедиялық білімін туған халқымен қалтқысыз бөлісетін жомарттығын былай қойғанда, планетарлық ақыл-ой иесі саған ұзақсонар ақыл айтпай-ақ, сені есті адам етіп тәрбиелеп шығаратыны да – шынайы шеберліктің шыңы. Сөз өнерінің бар сиқырын игерген абыздың әрбір сөзі сондықтан да әдемі, сондықтан да әсерлі, сондықтан да сананы жеңіл жаулайды.

Дүниетанымыңды кеңейтетін, бірақ әртүрлі ғылыми кітаптарда шашырап жатқан дүниелерді не оқуға құлқың болмайды, не түсінуің қиын. Осы жерде де саған Әбіш көмекке келеді. Кез келген күрмеуі қиын сұрақтың өзін соқырға таяқ ұстатқандай қарапайым түсіндіріп береді.

Алғашқы көп клеткалы организмдер 3 миллиард жыл бұрын жаратылып, олар содан бір миллиард жыл өткен соң барып, аналық және аталық болып екі жынысқа бөлінгенін де, Адамға ұқсас жан иесі осыдан 10 миллион жыл бұрын  жарыққа келгенін де, жердегі тіршіліктің негізі болып табылатын белок пен тұқымнан тұқымға информациялар дарытатын нуклеин қышқылын түзетін молекулалардың бірдей екенін де, мұндай түзілім тек жердегі тіршілік иелеріне ғана тән екенін де кезінде қырықтың қырқасына әлі шыға қоймаған Кекілбаевтың жазғандарынан оқып білгенбіз.

Иә, Әбіш не жазбаған?!

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз