Өмір сүруге таптырмайтын мотивация

227 қаралу саны

Бүгін кітап оқып отырып білім туралы ойлар басымды шырмап алғанын қалай жасырайын?!

Бүгінде еңбектеген баладан бастап еңкейген қартқа дейін білім алуға болатынын алдыңғы қатарлы елдер дәлелдеп отыр. Бізде қалай? 15 пен 30 жас аралығында білім аламыз. Онда да алатынымыз аламыз. Көбіміз «зачеткаға» баға қойдырып алғанымызға мәз боламыз. Жастықтың буымен шегірткенің күйін кешеміз.

30 бен 55 жас арасында білімнің теңізіне сүңгитініміз, тіпті, азая береді. Бұл тұста бәріміз қатын, бала-шағаның қамымен уақыт өткізіп алатынымыз жасырын емес.

Ал, 55 жастан кейінгі біздің сылтауымыз айтпаса да белгілі: «Шал болғанда, білім менің не теңім?!». Осы стереотиптен қалай арылуға болады? Министрлік мұны бізге болса да шешіп бере алмайды. Бірақ тек ғана әркім өзі шеше алатын нәрсе осы.

Қазір дамыған елдерде туғандардың орташа өмір сүру ұзақтығы 120 жылға жетті. Бізде де 90 жастан асып немесе соған жетеғаба өмір сүрушілер көбейіп келе жатыр, Құдайға шүкір. Сондықтан да оқуға ешқашан кеш емес дер едім. Әне бір жылы Ілия Жақанов ағамыз 75 жасында суретшіліктің оқуын бітіріп, диплом алды. Осыны естігенде мен ағамның 120 жас жасайтынына еш күмән келтірмедім. Неге?

Өйткені, білімге ұмтылу – ұзақ өмір сүру үшін  таптырмайтын бірден-бір мотивация. Ұзақ жасағыңыз келеді ғой, иә? Онда білім беретін стартаптарға қатысуға асығыңыз! Әзірше үйіңізде кітаптарды көбірек оқи түсіңіз!

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз