Қауесеттерді бірге тексерейік!

Қауесеттерді бірге тексерейік (2)
212 қаралу саны

Құрметті біздің сайтты пайдаланушылар! Қазақстанда коронавирусқа қатысты қандай фейктер тарап жатқанын білесіздер ме? Кеттік, бірге тексерейік.

Соңғы айда COVID-19 вирусына қатысты тараған фейктерді жинап, назарларыңызға ұсынып отырмыз.

1. Емдеу және профилактика туралы ең көп таралған фейктер
Хабарлама: COVID-19-ға қарсы вакцина ойлап табылды.
Үкім:Жалған. Вакцина әлі жасалып жатыр. Фейкте вирусты анықтауға арналған тест туралы айтылған еді.
Хабарлама: Мұрынды сабынды сумен жуу коронвирустан қорғайды.
Үкім:Манипуляция. Мұрынды шаю кейбір кезде пайдалы болуы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда емес. Мұрынды үнемі сабынды сумен жуудың қарсы көрсеткіштері де бар.
Хабарлама: Жүзу коронавирустан қорғайды.
Үкім:Фейк. Бұл фейкті жүзуден сабақ беретін тренер таратқан.  Пандемия уақытында ақша тауып алуды ойласа керек.
Хабарлама: Зімбір, пияз, сарымсақ коронавирустың алдын алады.
Үкім:Манипуляция. Бұлардың пайдасын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ дәл осы жағдайда пайдасына қарағанда зияны көп болуы мүмкін.

2.Коронавирус Қазақстанда 

Мәлімдеме: Қазақстан СOVID-19-ды емдеу хаттамасын жасырып отыр және дәрігерлер профилактика үшін қажетті дәрілерді алмайды.
Үкім:Жалған. Қазақстанда коронавирустан емдеу хаттамасы ашық және дәрігерлер хаттамаға сай дәрілерді алып отыр.
Хабарлама: Аурулардың барлығын Теміртауға апарады.
Үкім: Жалған. Бұл ақпарат толығымен ойдан шығарылған. Сондықтан да сенуге болмайды.
Хабарлама: Алматы/Тараз/Ақтауды тікұшақпен дезинфекциялайды.
Үкім: Қауесет. Бұл тек біздің елде ғана емес, әлем бойынша тарап жатқан фейк.                       

3.Коронавирус әлемде 
Хабарлама: Италия/ҚХР азаматтары жаппай ислам дінін қабылдап жатыр
Үкім: Фейк. Бұл тіптен миға қонымсыз ақпарат. Италия да, Қытай да ислам дінін жаппай қабылдаған жоқ. Екі жағдайда да тараған видео мүлдем басқа оқиғадан алынған және монтаждалған.
Хабарлама:Швеция коронавируспен күресуден бас тартты.
Үкім: Фейк. Швеция вируспен күресуден бас тартқан емес, десе де бұл елде қабылданған шаралар басқа мемлекеттердегідей қатаң емес.
Хабарлама:Италия өмірлік карантин жариялады.
Үкім: Фейк. Бұл да өтірік. Ел президенті мұндай мәлімдеме жасаған жоқ.

Осымен тоқтадық. Бірақ, жалған ақпарат сіз ойлағаннан де көп екенін және оның жарық жылдамдығымен таралатынын ескертеміз. Жалған ақпаратқа алданбаңыз.    Бастысы, деніңіз сау болсын! 

Дереккөз: Factcheck.kz      

Фото сілтемесі: Azattyq TV youtube.com

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз