ҚР Президенті Әкімшілігінің жанындағы ІТ-штаб арнасы арқылы оқиғалардан хабардар болыңыз

ҚР Президенті Әкімшілігінің жанындағы ІТ-штаб арнасы арқылы оқиғалардан хабардар болыңыз
28  982 қаралу саны

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанынан құрылған ІТ-штабының арнасы арқылы

Бір таңқаларлығы сол, жаңа коронавирус Telegram мессенджерінің мүмкіндіктерін толығымен ашты деп батыл айтуға болады. Оны  бұған дейін ақпараттық технологиялар саласындағы қазақстандық мамандар өте жақсы көретін. Енді қазіргі карантин жағдайында бұл мессенджер ыңғайлы ақпарат тасымалдаушысы болып отырғанын дәлелдеді. Бұның сыры оның спамға қарсы тұра білетіндігімен байланысты болар. Ең бастысы, мессенджер коронавирустық пандемия жағдайында халықты қалай дұрыс және тиімді түрде ақпараттандыру керектігі төңірегінде ресми органдардың назарын аударды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанынан құрылған ІТ-штабының ресми арнасы осы мақсатқа дәл сәйкес келеді: жағдайды бақылау, абоненттерге тек тексерілген ақпаратты жеткізу, қауесеттерді әшкерелеу. Арнаға келесі сілтеме арқылы жазыла аласыз: https://t.me/anticoronakaz. Арна  қысқаша форматта репортаждарды қазақ және орыс тілдерінде ұсынатынымен өте қызықты.

Арнаның таңбасы – белінен сызылған тәждің сызбасы:

Арнаның авторы және модераторы – танымал IT-шолушы және редактор Марат Шакен. Оның міндеті – ақпараттың басқа ресми көздерімен, оның  ішінде  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау министрлігінің  coronavirus2020_kz. арнасымен  өзара іс-қимылда болу. Марат абоненттерге төмендегідей ақпараттарды ұсынатындығына уәде береді:

• ХҚКО-лардың жабық жағдайында eGov-пен жұмыс істеу бойынша кеңестер;
• қашықтан жұмыс істеу мен сабақ оқуға арналған пайдалы құралдарға шолу;
• карантинде толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беретін цифрлық құралдарға шолу;
• үйде карантин кезінде уақыт өткізуге арналған қызықты қызметтерге шолу.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз