Қытай COVID-19 індетімен күресудегі баға жетпес тәжірибесімен бөлісті

Қытай COVID-19 індетімен күресудегі баға жетпес тәжірибесімен бөлісті
24  362 қаралу саны

Қытайлық дәрігерлер делегациясының Қазақстанға көп күндік сапары – екі ел дәрігерлерінің кәсіби қарым-қатынасындағы ерекше оқиға. Қытайлық он дәрігердің бәрі Шыңжаң-Ұйғыр автономды аймағында коронавирустық инфекциямен күресуге қатысты. Сондықтан олар қазақстандық дәрігерлер үшін пайдалы болатын маңызды білімге ие. Әрине, қонақтар Қазақстанға келіп түскен сәтте  коронавируске жедел-тестілеуден өтті.

Делегацияның жұмыс жоспарына коронавирустық инфекциямен тікелей айналысатын қазақстандық дәрігерлер үшін онлайн-семинарлар, тренингтер кіреді. Қытайлық қонақтардың тәжірибесімен реанимация мамандары, пульмонологтар, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, нефрологтар, қоғамдық денсаулық сақтау мамандары, аурухананың мейірбикелері бөліседі.

Достық рәуіштегі кездесу

Бүгін Қытайдан келген делегация Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында болды. Қытайлық дәрігерлер ҰҒКО-ның карантин кезеңіндегі жұмысымен танысты, жедел жәрдем бөлімін аралап шықты. Қонақтар пациенттерді қабылдау және емдеу бойынша кеңестер берді.

Источник фото: АСК SuccessK. С помощью делегации медиков Китай передал Казахстану бесценный опыт борьбы с COVID-19

Қазақстанның бас кардиохирургі Юрий Пя қытайлық әріптестерімен кездесу барысында  қонақтарға орталықтың жұмысы және ауруханада сақталатын қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді. Екі елдің дәрігерлері бір-бірімен пікір алмасатын тақырып өте көп  болды. Жоспарлы және жедел госпитализация; жіті және созылмалы стресстің салдарынан саны артуы мүмкін жүрек аурулары бар науқастарды емдеу мәселелері талқыланды.

Источник фото: АСК SuccessK. С помощью делегации медиков Китай передал Казахстану бесценный опыт борьбы с COVID-19

Медициналық қызметкерлер мен пациенттер үшін қауіпсіз жұмыс ортасын құрудың маңыздылығы талқыланды. Орталық жіті коронарлық синдромы мен басқа да жүрек аурулары бар науқастарды қабылдау және госпитализациялау жөніндегі ұсыныстарды мүмкіндігінше тез арада жасауға дайындалуда.

Қытайлықтар қоғамдық орындардағы карантиндік шараларды жоғары бағалады

Елордалық  Ramada Plaza қонақ үйінің әкімшілігі үшін қытайлық делегацияның іс-сапары нақты бизнесте карантин шараларын ұйымдастыру бойынша тікелей ұсыныстар алудың ғажап мүмкіндігі болды. Қазақстандық дәрігерлер  қытайлықтарға адамдар көп жиналатын жерлерде індетті тежеуге мүмкіндік берген оқшаулау және дезинфекциялау әдістері туралы осы қонақ үйінде  оқып-үйренді.

Источник фото: АСК SuccessK. С помощью делегации медиков Китай передал Казахстану бесценный опыт борьбы с COVID-19

Мұндағы ашық әңгімеге Қытай тарапынан пульмонолог  Чжу Юлун (Доктор ZHU YULOG ),  қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері  Жантай Талиф (JIANG ATAI TALIFU), жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігер Лу Сяобо (LU ХIАОВО) қатысты.

Источник фото: АСК SuccessK. С помощью делегации медиков Китай передал Казахстану бесценный опыт борьбы с COVID-19

Қытайлық мамандармен Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Сәуле Кисикова және ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің өкілі Зекен Ысқақов бірге жүрді.

Онлайн форматындағы семинарлар

Қытайлық дәрігерлердің қазақстандық әріптестеріне арнайы өткізген алғашқы екі сағаттық семинары, әрине, жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күресу тәжірибесіне арналды. Семинарға еліміздің әр аймағындағы коронавирустық инфекциясы бар науқастарды емдеуге қатысқан 700-ге жуық қазақстандық дәрігерлер бір уақытта қосылды. Қытайлық мамандар қазақстандық дәрігерлерге COVID-19-дан туындаған пневмонияны диагностикалау және емдеу бойынша нұсқаулық берді, COVID-19-ға күдігі бар дене қызуы өте жоғары науқастарды тексеру және расталған диагнозды емдеу әдістерін көрсетті.

Семинар тікелей интерактивті режимде өтті, сондықтан қазақстандық дәрігерлер талқыланған тақырыптар бойынша қытай спикерлеріне сұрақтар қойып отырды.

Дәл осыған ұқсас форматта қытайлық мамандар жарты ай бойы күн сайын семинарлар өткізеді. Онлайн-кездесулердің тақырыптары пандемиямен күресудің практикалық әдістеріне арналады:

  • зертханалық нәтижелерді түсіндіру;
  • науқастарға клиникалық көмек;
  • медициналық персонал үшін жұқтыру қаупін төмендету;
  • жеңіл және орташа ауырлықтағы науқастарды емдеу;
  • ауыр науқастардың жағдайын талқылау;
  • диагностика және емдеу бойынша ұсыныстар беру;
  • ұлттық және муниципалды деңгейлерде COVID-19-дың алдын-алу мен бақылаудың қытайлық механизмінің таныстырылымы;
  • «Төрт ерте, төрт концентрация» қағидатын іске асырудың егжей-тегжейлі талдауы;
  • эпидемиологиялық зерттеу жүргізудің өлшемдері мен тәртібінің таныстырылымы;
  • жақын байланыстарды анықтау және оқшаулау тетіктерінің таныстырылымы.

Онлайн семинарларға қосылу үшін сілтемелер Қазақстанның мүдделі дәрігерлерінің бәріне үнемі таратылатын болады.

Семинарлардан басқа Қытай делегациясы жетекші медициналық университеттерге, көп салалы және жұқпалы ауруханаларға, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларындағы емханаларға баруды жоспарлап отыр.

Источник фото: АСК SuccessK. С помощью делегации медиков Китай передал Казахстану бесценный опыт борьбы с COVID-19
Бөлісіңіз