АҚШ Барлау қызметі коронавирус індетінің қалай пайда болғанын мәлімдеді

АҚШ Барлау қызметі коронавирус індетінің қалай пайда болғанын мәлімдеді
374 қаралу саны

АҚШ Ұлттық барлау қызметі коронавирус инфекциясы қалай пайда болғаны жөніндегі өз қорытындысын жариялады. Бұл туралы АҚШ Барлау қызметі директорының кеңсесі хабарлады.

Құжатта АҚШ-тың барлық барлау қоғамдастықтары COVID-19 вирусы адам қолымен жасалмағаны туралы кең тараған ғылыми консенсуспен келісетіні жөнінде айтылған. «Коронавирус адам қолымен жасалмаған және генетикалық тұрғыда жетілдірілген вирус емес» делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, АҚШ Ұлттық барлау қызметі індеттің нақты қайдан тарағанын анықтау үшін ақпараттарды және барлау мәліметтерін бақылап отырмақ.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Ухань қаласында пневмония өршігені туралы хабарлады. Ауру – коронавирустың жаңа түрі, оған COVID-19 деген ресми атау берілген.

Кейінірек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл індетті пандемия деп жариялады.

Әлемде бұл инфекция 3,2 млн-нан астам адамда анықталды.  Ал 1 млн-нан астам адам бұл аурудан айығып кетті. 229 399 кісі көз жұмды.

Дереккөз: Dni.gov

Фото дереккөзі: Сia.gov

Бөлісіңіз