Аида Балаева: Коронавирустан өлім-жітім күннен-күннен артып келеді

320 қаралу саны

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева коронавирус індетінің таралуы тыйылмай отырғандықтан, қазақстандықтарды санитарлық талапты қатаң сақтауға шақырды.

«Бүкіл әлемде секілді біздің елімізде де коронавирус індетінен болған өлім-жітім көрсеткіші күннен-күнге өсіп келеді. Осы орайда, көкірегі ояу, саналы деген көпшілік адамдардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауы қынжылтады. Сондықтан да, өзіміздің және жақын туыстарымыздың денсаулығы үшін әрқайсыларыңызды санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырамын. Дәл қазіргі таңда баршамыздың өміріміз осыған байланысты болып отыр» деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Дереккөз: Аида Балаеваның Фейсбуктегі парақшасы

Ары қарай оқу:


Кнопка домой

Бөлісіңіз