Айжан Есмағамбетова: Біз мүмкіндігінше жұмыстың қашықтағы форматына көшуге кеңес беріп отырмыз

284 қаралу саны

Бүгін, 2 маусымда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбук парақшасындағы «Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды» тікелей эфиріне ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қатысып, көрермендердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Біз солардың бірсыпырасын «Кеткеткет.кз» сайтының оқырмандарына ұсынып отырмыз.

Еліміз бойынша коронавирус жұқтырған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері туралы сұрақ қойылды. «Республика бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының 7 өкілі инфекцияға шалдықты. Оның үшеуі емделіп, ауруханадан шықты. Ал қалған төртеуі ем-дом қабылдап жатыр» Айжан Есмағамбетова. Осы орайда ол аталған жеті адамда коронавирус жеңіл дәрежеде болғанын нақтылады.

«Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны 11 571 болды, 41 науқас қайтыс болды. Күн сайын инфекциядан емделген саны артып келеді. Қазіргі кезде адамдар жұмыстарына оралып жатыр, көшеде жүру талаптары жеңілдетілді» деді А. Есмағамбетова.

Оның пайымынша, әлеуметтік қарым-қатынастың артуы инфекцияның таралуының жоғарылауына алып келуі мүмкін.«Атап айтқанда, теңгерімді және инфекция таралуының бақыланатын деңгейін сақтау көбіне тұрғындардың өздеріне байланысты. Бұл тұрғыда әр адам өз орнында профилактика шараларын орындау деңгейіне қатысты болып тұр. Бизнес нысандары, жұмыс берушілер, сондай-ақ тұрғындар қызмет алатын жерлерде тиісті ережені сақтап, індеттің таралмауына үлесін қосуы тиіс» деді Бас мемлекеттік санитар дәрігері.

Эпидемия кезінде құзыреті артып, жұмыстың көбеюіне байланысты Бас мемлекеттік санитар дәрігердің және өңірлердегі бас санитар дәрігердің жалақысы қаншалықты өзгергені туралы сұрақ қойылды.

«Президент тапсырмасы бойынша қауіп дәрежесіне сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандарына еңбекақыға үстемақы төлеу қарастырылған» деді А. Есмағамбетова. Осы орайда ол өңірлердегі дәрігерлерге тиісті төлемдерді алғанын жеткізді. «Өңірлерде алды. Менің айлығым өскен жоқ» деп нақтылады ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері.

«Біз мүмкіндігінше жұмысшыларды қызметтің қашықтағы форматына жіберуге кеңес берудеміз. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осы тәртіпте жұмыс істеуге болады, яғни одан жұмыс процесі зардап шекпейді» деді А. Есмағамбетова. Оның сөзіне қарағанда, қарым-қатынас аз болса, сәйкесінше, індет жұқтыру қаупі төмендейді.

«30 мамырда тиісті қаулыны қабылдадым, оған өзгерістер енгізілді. Біріншіден, карантиндік шектеуді тек жұмысын қайта бастаған нысандарға ғана жеңілдетіп отырған жоқпыз, сонымен бірге науқастармен байланыста болған адамдарға да жеңілдіктер ескерілген. Науқаспен жақын байланыста болған адамдардың тесті алынады. Егер нәтижесі теріс болса, олар бұрынғыдай 14 күнге емес, 7 күнге үйде оқшауланады. Содан кейін қайта тест алынады, сондай-ақ тесттің нәтижесі теріс болса, олар карантиннен босатылады» деді Бас мемлекеттік санитар дәрігер.

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ұжымдық шараларды өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. «Өкінішке қарай, бүгінде отбасылық мейрамдарды, яғни адамдар көптеп жиналатын кез келген шараларды өткізуге тыйым салынған» деді А. Есмағамбетова.

Осы орайда ол 30 адамға дейін орынға есептелген нысындардың жұмысы жанданғанын, екінші кезеңде 50 орынға дейін рұқсат етілгенін еске салды. Алайда ұжымдық шараларды өткізуге тыйым салынған.



«Әзірге, қазіргі эпидемиологиялық жағдай кез келген шараны өткізуге рұқсат етуге мүмкіндік бермей тұр. Яғни, ұзақ уақыт бір орында адамдардың жиналуына арналған ойын-сауық, мәдени-отбасылық немесе әдет-ғұрып шараларын ұйымдастыру мүмкін емес. Барлық жеңілдіктер эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Атап айтқанда, тұрғындардың өздеріне қатысты болып отыр» деді А. Есмағамбетова.

Спорттық нысандар тек жаттығу шаралары үшін ашылады. «Адамдар көптеп жиналатын ойын-сауық, мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған. Себебі, қазіргі кездегі індетке шалдығудың деңгейі шектеулерді толықтай алып тастауға мүмкіндік бермей тұр» деді А. Есмағамбетова. Оның сөзіне қарағанда, бассейндерді ашуға да тиісті талаптар қарастырылған. «Бүгінде бассейндегі әрбір адамда 5 шаршы метрден кем емес аумақ болуы тиіс. Бұл өз кезегінде адамдардың арасындағы арақашықтықты қамтамасыз етеді. Бассейн аумағына қарай оған баратын адамдар саны реттеледі» деді ол.

«Аквапарктерде және жағажайда арақашықтықты сақтау айтарлықтай қиындау екенін түсінеміз. Алайда, шезлонгтар, кез келген жағажай жабдықтары демалушылар арасында 1,5 метрлік арақашықтықты сақтап орналастырылуы туралы талаптарды қоямыз. Сондықтан жағажайдың аумағын ескере отырып, оған жіберілетін адамдардың саны назарға алынады, яғни олардың саны тұрақты бақылауда болады» деді А. Есмағамбетова.

Тікелей эфирді сілтемеден толық көре аласыздар.

Дереккөз: ҚР ДСМ Фейсбук парақшасы

Ары қарай оқу:


Кнопка домой
Бөлісіңіз