Айжан Есмағамбетова: Екі апта карантинде коронавирус жұқтыру қарқыны өскен жоқ

191 қаралу саны

ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте карантин шараларын сақтаудың аралық нәтижелері туралы баяндады.

«23 шілдеде республика бойынша коронавирус инфекциясының 76 799 жағдайы тіркелген. Оның ішінде, 48 202 науқас немесе науқастардың 63 пайызы емделіп шықты. Сырқаттану тәулігіне 1600-1700 жағдай деңгейінде тұрақтанды. 5 шілдеде қатаң шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап екі аптада республикада коронавирустың 21 532 жағдайы тіркелді. Алдыңғы екі аптамен салыстырғанда сырқаттану бір деңгейде қалып отыр» деді бас санитар дәрігер.

Оның айтуынша, маусым айында сырқаттанудың апталық өсу қарқыны 1,3-тен 2 есеге дейін өскен. «Қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап шілде айында сырқаттану деңгейінің өспегені байқалады» деді А. Есмағамбетова.

Дереккөз: ОКҚ тікелей эфирі.

Бөлісіңіз