Айжан Есмағамбетова: Індетпен ауыру өсімі 7 пайыздан асатын деңгей тіркелген жағдайда шектеу іс-шаралары қолға алынады

Фото: Дене қызуы шекті нормада
274 қаралу саны

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.

Құжатта Қазақстанға шетелден келетін барлық адамдар 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшауланатыны көрсетілген. COVID-19 ауруының белгісі бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады.

Шекарадан өткен соң 5 күннен кешіктірілмей ПТР зертханалық тексеруде теріс нәтиже көрсеткен анықтамасы бар адам шет елден келген адам үйде (үй карантин) 14 тәулік бойы оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда карантиндік стационарда оқшаулау ұсынылады. Алғашқы екі күнде COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады.

Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы орган белгілеген үй-жайларда оқшаулау ұсынылады. Қазақстанға шет елден келген дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме және халықаралық ұйымдар өкілдігінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері зертханалық тексеріледі және 14 тәулік бойы үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады.

Авиакомпаниялардың экипаждары, локомотив бригадаларының мүшелері қоңырау шалу арқылы (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауға жатады. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, «Теңізшевройл» ЖШС объектілерінен демобилизацияланған адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін келген орны бойынша карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады, оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады.

Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады. Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері өңірдегі және әлемдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шет елдерден келген жолаушыларды карантиндеу туралы шешім қабылдауға құқылы. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық жолаушылар қатынастарын шектеуді қамтамасыз ету міндеттелген.

Өңірде коронавирус сырқаттанушылығы 7%-дан асатын деңгейде тіркелген жағдайда облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының аумақтарындағы шектеу іс-шаралары қолға алынады. Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері өңірде COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7%-дан асатын деңгейде тіркелген жағдайда көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салады. Сондай-ақ кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.), компьютер клубтары, Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларын дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар) қызметін тоқтатылады.

Өңірде COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7%-дан асатын деңгейде тіркелген жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 1) білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге көшіруге, оқушылардың экскурсиясына тыйым салуды қамтамасыз етеді

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың бекіткен қаулысы бойынша өңірде коронавируспен ауырған науқастар өсімі 7 пайыздан асқан жағдайда облыстарда, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында бірқатар шектеу шаралары енгізіледі.

Ол шаралардың тізбесі мынадай:

1) көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салуды;

2) кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары, сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары, компьютер клубтары, Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларын дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, спорт кешендерінің қызметін тоқтата тұруды;

3) медициналық көрсетілімдер бойынша сапарды қоспағанда, COVID-19 бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салуды қаулы етті.

4) халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметкерлерін, сондай-ақ медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және кіретін адамдарды, сондай-ақ карантин енгізілген кезеңде стационарларда емдеуде және карантиндік және провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдардың шығуын қоспағанда, карантин жарияланған өңірлер/қалалар аумағынан шығуға және оларға кіруге тыйым салуды енгізуді және орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.

5) Медициналық көрсетілім бойынша екі адамнан артық емес адам еріп жүргенде карантин жарияланған өңірлер/қалалар аумағына азаматтардың келуіне және шығуына рұқсат беріледі. Тек ол үшін тиісті құжаттары болуы керек.

6) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жедел штабтар мен тиісті аумақтағы Бас мемлекеттік санитар дәрігердің шешімі бойынша өңірлер ішіндегі блокпостта санитарлық-карантиндік бақылауды ұйымдастыруды;

7) Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің қызметкерлерін тарта отырып, COVID-19 сырқаттанушылық тіркелген ауылдық елді мекендерді қоршауды;

8) екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы шектеуді;

9) меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;

10) жәрмеңкелердің, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар базарларының, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;

11) қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұруды және шектеуді;

12) ауылдық елді мекендер ішінде тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салуды енгізуді;

13) діни объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;

14) облыстың, қалалардың, аудандардың, ауылдық аймақтардың ішінде көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ ара шаруашылығында растайтын мемлекеттік тіркеу куәлігін (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәлікті, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтаманы (мөрмен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде тартылған адамдардың көліктерін қоспағанда, жеке көліктің қозғалысын шектеуді;

15) тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

16) карантин кезеңінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің тізбесі мен жұмыс режимін айқындауды;

17) қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағында жүріп-тұруға рұқсат етілген адамдардың тізбесін айқындауды;

18) карантин режимін сақтамайтын адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуды енгізуді және орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Қаулының толық мәтінімен комитеттің сайтында танысуға болады.

Дереккөз: ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті

Бөлісіңіз