Айжан Есмағамбетова: Елімізге әкелінетін вакциналардың сапасын тексеру процедуралары

Фото дереккөзі: Rklinik.kz
198 қаралу саны

ҚР Мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Фейсбуктегі парақшасында бұдан бұрынғы посттарына комментарийлерде көптеген адамдардың сапалы вакциналарды пайдалану қажеттігіне назар аударып, Қазақстан Республикасына әкелінетін вакциналардың сапасын тексеру процедуралары туралы толығырақ айтып беруін сұрауына байланысты жаңа пост жазған болатын. Біз бүгін сол жазбаны оқырмандарымыздың назарына ұсынамыз.

Айжан Есмағамбетова: Бүгінгі күні ҚР Мемлекеттік тізілімінде 65 вакцина тіркелген, бұл ретте алдын алу екпелерінің Ұлттық күнтізбесіне 11 инфекцияға қарсы вакцина енгізілген – туберкулез, В вирустық гепатиті, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, гемофильді және пневмококты инфекциялар. Вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау процесі 2 кезеңге бөлінеді – ҚР тіркеу куәлігі мен әкелуге рұқсат беру шеңберінде сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, сондай-ақ тіркеуден кейінгі кезеңде қадағалау.

Еліміздің аумағына вакцинаны әкелуге және пайдалануға рұқсат беру рәсімі неден басталады? Вакцинаны дайындаушының өндірістік алаңына барудан және өндірістің Good Management Practice (GMP) стандарттарына сәйкестігіне аудит жүргізуден тұрады. Әрбір вакцина бойынша біздің мамандарымыз өндіріске шығып, өндірістік үдерістерді соңғы өнімнің қауіпсіздігі тұрғысынан бағалайды.

Көшпелі аудиттен кейін Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығында (ҰДЗСО) құжаттарды (Тіркеу құжаттамасы) тексеру және пайдалануға ұсынылатын вакциналардың қауіпсіздігіне, сапасына және тиімділігіне мамандандырылған ғылыми сараптама мен зертханалық сынақтар жүргізу кезеңі өтеді. Фармацевтикалық және фармакологиялық сараптамалар жүргізіледі, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер, сондай-ақ вакцинаның тиімділігі бойынша деректер зерделенеді. Зертханалық зерттеулерді біздің республика аумағында ҰДЗСО мамандары жүргізеді.


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

ӘМСҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Instagram желісінде болған әңгімеде айтқан қызықты фактілерінің топтамасын оқыңыз.

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Егер вакцинаны зертханалық сынау нәтижелері бойынша оның тиімділігі, қауіпсіздігі мен сапасы дәлелденсе, ҚР аумағында вакцинаны әкелуге және пайдалануға рұқсат беретін қауіпсіздігі пен сапасы туралы қорытынды және тіркеу куәлігі беріледі.

Тіркеуден кейінгі кезеңде вакцинаны пайдалану барысында тұрақты қадағалау жүргізіледі. Біздің елімізге әкелінетін вакцинаның әрбір жеке партиясы медициналық ұйымдарға жеткізілгенге дейін сапасы мен қауіпсіздігін бағалау процесінен қайта өтеді. Қосымша, фармакологиялық қадағалау және вакциналарды қауіпсіз қолдану мониторингі жүйесі жұмыс істейді, оның негізінде жанама реакциялар туралы деректерді жинау, талдау және бағалау (сары карта) жүзеге асырылады. Барлық анықталған жағдайлар талданады, вакцинадан кейінгі ауыр зардаптар болған жағдайда вакцина айналымнан алынады және қосымша зерттеулерге жіберіледі.

Сонымен қатар, бұл механизм вакциналарға қатысты ғана емес, барлық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты да жұмыс істейді. 2019 жылы 81 дәрілік затты пайдалану тоқтатылды және 14 дәрілік заттар мен 12 медициналық бұйымдарды пайдалану тоқтатылды. Бұл ретте ешқандай вакцинадан ауыр жағымсыз реакциялардың пайда болуының дәлелденген жағдайлары тіркелген жоқ.

Постқа басқа мемлекеттермен салыстырғанда ҚР-да қолданылатын вакциналар бойынша инфографиканы ұсынамын: елімізде қолданылатын вакциналар АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Жапонияда қолданылатын вакциналармен бірдей.

Фото: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Өз балаларыңызға екпе жасатыңыз және деніңіз сау болсын!

Дереккөз: Фейсбук парақшасы

Фото дереккөзі: Rklinik.kz


Індеттің жалғыз жауы – екпе

Қазақстандық дәрігерлер, әсіресе, педиатрлар азаматтардан өз балаларына екпе жасау кестесіне жауапкершілікпен қарауға және вакцинацияны назардан тыс қалдырмауға шақырады.

Фото: La Capital

Кнопка домой

Бөлісіңіз