Alibaba Group және Джек Ма қорының бастамасымен онлайн-семинар өткізілді

Фото дереккөзi Alibaba.com
260 қаралу саны

ҚР ДСМ өз парақшасында кеше, 13 мамырда Alibaba Group және Джек Ма қорының бастамасымен және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) хатшылығының қолдауымен COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының алдын алу, емдеу, диагностикалау және бақылау бойынша оқу семинары өткенін хабарлады.

Онлайн-мәжіліске Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Айта кету керек, бұл Alibaba тобының алғашқы бастамасы емес. Бұған дейін компания Қазақстанға тест-жүйелері түрінде қажетті гуманитарлық көмек көрсеткен.

Аталған тренингке қатысуға Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық дұрыс ахуал қалыптастыру және қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерінің, денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық университеттердің, ШЫҰ мүше мемлекеттердің ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері шақырылды.

Бүгін Вэньчжоу медициналық университетінің (Чжэцзян провинциясы) бірінші филиалының мамандары COVID-19 диагностикасы мен емделу тәжірибесімен бөлісті.

Қытайлық әріптестер қатаң, жан-жақты және нақты әрекеттер екі айда Қытайда эпидемияның таралуын еңсеруге мүмкіндік берді деп атап өтті. Науқастарды емдеуде тәжірибе жинақтай отырып, қытайлық әріптестер диагноз қойылған науқастарды емдеудің тиімді әдістерін табуға көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.⠀

Тренингке қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап ала алды.⠀

Анықтама үшін:

Университеттің 100 жылдық тарихы бар. Онда 4000 төсек орынға арналған екі аурухана алаңы бар, олар 67 бөлімнен тұрады (клиникалық, радиологиялық, зертханалық және т.б.). 2019 жылы 5-тен астам амбулаториялық және кезек күттірмейтін, 196000 стационарлық қабылдау болды, 1 миллионнан астам операция жасалды.

COVID-19 пайда болғаннан бері ол ауыр инфекциялармен ауыратын науқастарды емдеу орталықтарының біріне айналды (провинциядағы ауыр науқастардың 80% -дан астамы осы клиникаларда ем қабылдаған).⠀

Оқу материалдарын ұйымдастырушылар https://gmcc.alibabadoctor.com/ сайтында орналастырады.

Дереккөз: ҚР ДСМ Фейсбук парақшасы

Фото дереккөзi: Alibaba.com


Қазақстанда коронавируспен ауырған бір науқасты емдеу қаншаға түседі?

Айбатыр Жумагулов. Фото дереккөзі: ДДСҰ/ЕАБ сайты

Бөлісіңіз