Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы карантин талаптарына қатысты түсінік берді

311 қаралу саны

Оның айтуынша, Үкімет отырысынан соң қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіле түспек. «Қауіпті індеттің ушыға түсуіне байланысты Үкімет эпиджағдайды тұрақтандыру бойынша жаңа шараларды қолға алды. Осы орайда Алматыда да карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды. Сенбі-жексенбі, яғни 20-21 маусым күндері ірі сауда және қызмет көрсету нысандарының қызметі тоқтатылады. Бұған қоса саябақтар, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймағы, өзендер мен су қоймаларының жағалаулары, тау шаңғысы курорттары және басқа да қоғамдық орындар жабылады» деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әкім карантин шараларын босаңсыту COVID-19-дың өршуіне әкеп соққанын айтты. «Осыған байланысты қала тұрғындарын бұл жұмыстарға түсіністікпен қарауға шақырамын. Карантин шараларын босаңсыту COVID-19-дың өршуіне әкеп соқты. Қала тұрғындарынан көшеде жүруін шектетуін сұраймыз. Әсіресе қарт адамдардың үйде отырғаны абзал. Қауіпі дендеп бара жатқан мына ауруды тұншықтыру өзімізге байланысты екенін естен шығармайық. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 1308 нөміріндегі call-орталыққа хабарласуға болады» деді қала басшысы.


Ары қарай оқу:


Кнопка домой

Бөлісіңіз