Орта ауырлық жағдайында

Фото: Орта ауырлық жағдайында
182 қаралу саны

Алматыда коронавирус жұқтырған 2 науқас пен 1 баланың денсаулығы орта ауырлық жағдайында екенін Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифингте жеткізді.

«Алматы қаласында коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Екі пациент бұған дейін осы індетті жұқтырған жандармен байланыста болған. Олардың барлығы стационарда карантинде жатты. Коронавирус инфекциясын анықтау және емдеу хаттамасына сәйкес ем-дом шаралары басталды. Екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық»  деді ол.

Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, бүгінгі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 22, ал балалар жұқпалы аурулар ауруханасында 2 бала және ауру жұқтырған бір ана бар. «Қазір екі науқастың және 1 баланың денсаулығы орта ауырлық жағдайында. Қалған пациенттердің денсаулығы қанағаттанарлық. Бүгінде қаланың провизорлық госпитальдерінде карантинде 660, үй карантинінде 1 462 адам, қосымша карантиндік стационарларда 778 адам бар. Карантинге оқшауланған барлық азаматтың дене қызуы қалыпты жағдайда, катаралдық ауытқулар жоқ» деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Барлық қазақстандықтардың өзара қол ұшын беруіне арналған сайт: Qoldasy.kz

Кнопка домой
Бөлісіңіз