Алмаз Шарман: Қазір ерінбегеннің бәрі вирусолог болып кетті

Фото: газета Литер
317 қаралу саны

«Сонымен қатар, саясаткерлер, такси жүргізушілері және үй шаруасындағы әйелдерге дейін вирусолог болып кетті» дейді профессор Алмаз Шарман «Коронавирус және қауесеттер»  атты бейнеүндеуінде.

Алмаз Төрегелдіұлы қазақ жұртшылығына ең алдымен АҚШ-та медицинамен айналысатын адам ретінде танымал. Әрине, оның Қазақстандағы коронавирусқа қатысты пікірі сырттан қарағандағы маңыздылығымен құнды дер едік.

Біздің редакция профессордың аталмыш бейнеүндеуіндегі дәйексөздердің кейбірін сіздердің назарларыңызға ұсынуды жөн көрді.  Толық нұсқасына сілтемені материалдың аяғында беріп отырмыз.

Миллиардер Билл Гейтсті халықты микрочиптермен басқаруға тырысатын кәсіпкер деп санайтын адамдар әлі күнге дейін азаймай отыр. Бұл филантроптың безгек сияқты қатерлі аурулармен күреске қосқан қомақты үлесіне қарамастан осылай болып отырғаны таң қалдырады.

Инфодемия – коронавирустық пандемия айналасындағы қауесеттер ағыны осылай аталып кетті.

Қазақ және өзбек чаттары мен әлеуметтік желілерінде отандастарымыздың коронавирустан ерекше қорғалатындығы туралы әңгімелер болды. Оның себебі адыраспанмен түсіндірілді.

Адамдар пандемияның жаңа технологиялардан болатыны туралы негізсіз қорқыныштарға бой алдырды. Мысалы, жаңа буындағы 5G ұялы байланысы адамдардың коронавирусты жұқтыру деңгейін арттыру үшін арнайы жасалған.

Көп адамдар коронавирустың қазіргі формасын көптеген тектес штаммдармен шатастырып, оның қауіптілігін дұрыс бағаламайды.

Коронавирусты тұмаудың аналогы ретінде қарастыруға болмайды, COVID-19-дан болатын өлім әлдеқайда көп!

Швецияда коронавирус соншалықты қатаң карантинді енгізетіндей қауіпті емес деп есептейді. Шындығында, шведтер әлдеқайда тәртіпті және үкімет карантинді сақтау тұрғысында өз азаматтарына сенеді.

Алмаздың екі негізгі кеңесі: әлеуметтік қашықтықты және жеке гигиена ережелерін сақтаңыздар!

Дереккөз: YouTube –тегі бейнеүндеу

Фото: газета Литер


Қазақстанда вакцинаны тексерудің алты кезеңі

Арнұр Нұртаев: Қазір қоғамда вакцинаға қатысты әртүрлі пікір бар. Қарсы тараптардың бірі «мен екпеге қарсы емеспін, бірақ олар сапалы болуы керек» дегенді алға тартады…

Фото дереккөзi: Chicago Tribune

Кнопка домой
Бөлісіңіз